Меню KDT

Республикалық пәндік олимпиада нәтижесі

  Наурыз айының 23-29 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы, Президентіміз еліміздің Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші қаласы деп атап көрсеткен шырайлы Шымкент қаласында оқушылардың арасында республикалық пәндік олимпиада өтті.


   Наурыз айының 23-29 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы, Президентіміз еліміздің Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші қаласы деп атап көрсеткен шырайлы Шымкент қаласында оқушылардың арасында республикалық пәндік олимпиада өтті. Бұл олимпиадаға бүкіл республиканың 14 облысы мен екі қаласынан «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып дараланып шыққан 560 дарынды жастар қатысты. Сол 16 аймақтан 560 бала қатысса, Астанадан 37 оқушы оңтүстікке үмітін үкілеп барды. Ал Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясынан үш оқушы республикалық жарысқа үлкен сеніммен аттанды. Жыл сайын өткізілетін республикалық олимпиада осы жылы да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шырайлы Шымкент қаласының мақтанарлық орындарына экскурсия жасалды, басқа аймақтан келген қонақтарға әртүрлі концерттер қойылды. Ең бастысы, 10-сынып оқушысы Шайхыслям Ақтолқын, Есімсейтова Айым, 11-сынып оқушысы Абдуәлі Айдана - үшеуі де ата-ананың, мектеп ұжымының сенімдерін ақтап, жүлдемен оралды. Француз тілінен Есімсейтова Айым, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Шайхыслям Ақтолқын III орынмен, Абдуәлі Айдана мадақтамамен марапатталды. Мектебіміз, әрине, мақтанышымызға айналған жастарға алғыс білдіріп, келесі уақыттарда да бұдан да зор жетістіктерге жететіндеріне сенім білдіреді.
 
Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының
10 "ә" сынып оқушысы Есмағамбетова Мөлдір
 
 
X


Комментариев нет
Просмотров: 618
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 31.03.2014 в 00:00