Меню KDT

Мамандықты насихаттау

Астана қаласының Білім басқармасы Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп «Жұмыс күші – Қазақстан экономикасының локомотиві» тақырыбында жұмысшы мамандықтарды насихаттау 


Астана қаласының Білім басқармасы Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп «Жұмыс күші – Қазақстан экономикасының локомотиві» тақырыбында жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында қала мектептерінің 9-10 сынып оқушылары үшін 2014 жылғы сәуірдің 2-17 аралығында қала кәсіпорындарына экскурсия ұйымдастырды.Аталған іс-шара негізінде 03.04. 2014ж. мектебімізден 25 оқушы «Целинная фабрика деликатесов» ЖШС-не экскурсияға барды. 

 

Оқушылар қала әкімдігінен арнайы бөлінген автобуспен «Целинная фабрика деликатесов» ЖШС-не уақытында жетті.

 

ЖШС қызметкерлері оқушыларды жылы қабақпен қарсы алып, мекеме бөлімдерін аралатты.

 

Оқушылар жұмысшылардың жұмыс сәтін бақылап, өздері де жұмысшылар қызметін атқаруға мүмкіндік алды.

 

- Бәрін көзбен көрген керемет екен, осындай жұмыс процесін теледидардан көрген болатынмын, дегенмен  нақ қасында тұрып бақылаудан басқаша әсер аласың,- дейді 9 «В» сынып оқушысы Тоқсанбек Индира.

 

«Целинная фабрика деликатесов» ЖШС-не жасаған таным жорықтан оқушылар жақсы әсермен оралды. Көрген-білген, көкейге түйгендері туралы қызу пікірлесіп, ой бөлісті.

 

 

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 655
Автор: 52mektep
Сайт: www.52.astana-bilim.kz
Добавлено: 04.04.2014 в 16:34