Балабақша мекемелерінің педагог-психолог мамандары үшін іс-шара
2014 жылғы 28 қаңтарда №17 «Ер-Төстік» балабақшасының педагог-психологі Ш.Сейдакбарова «Көңіл-күй әлеміне саяхат» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.
2014 жылғы 28 қаңтарда №17 «Ер-Төстік» балабақшасының педагог-психологі Ш.Сейдакбарова «Көңіл-күй әлеміне саяхат» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақ жұмысына Білім басқармасының әдіскері А. Амерханова, модераторлар А.Шонтыбаева, А. Төлеген қатысты.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалардың эмоционалдық көңіл-күйлерін көтеру, бір-біріне деген сезімталдығын тәрбиелеу, эмоциясын білдіре алуға үйрету.
Білімділік: Балалардың санасында мейірімділік, қайырымдылық сезімдері ұғымын қалыптастыру.
Дамытушылық: Айналасындағылардың көңіл – күйін сезіну қабілетін, сезімталдығын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұстамдылыққа, тұрақтылыққа тәрбиелеу.
Әзірленген көрнекіліктер: Түрлі-түсті шарлар, үйлер (қызыл, сары, көк, жасыл, қара, күлгін), тапсырмалар, тәрелкелер, қаламдар, әр түрлі көңіл-күйді бейнелейтін әуендер.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті психолог пен балалар арасында «Шарлардың үйлерін табуға көмектес», «Көңіл-күйді тани біл» ойындар түрінде өткізілді. Ойын арқылы балалардын көңіл-күйлері көтерілді, сезіну қабілеттерін дамытылды. Балалар әуендерді естіп тани білуге үйретілді, мимика арқылы қиялдары дамытылды.
Балалардың көңіл-күйін, зейінін және есте сақтау қабілетін әрі қарай дамыту мақсатында балаларды интерактивті тақтаға назарын аудартып, би қозғалыстарын қайталау бойынша жаттығулар жүргізілді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қызықты өткізу мақсатында бірнеше тапсырмалар өткізілді: «Өз көңіл-күйіңді бейнеле», «Логикалық тапсырмалар», «Не артық?»
Қорытындылай келе, тапсырмалар орындау нәтижесінде балалардың эмоционалдық көңіл-күйлері көтеріліп, бір-біріне деген сезімталдығы арта түсті.