
Ғылым әлемін ашамыз
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2014 жылдың 4-8 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2014 жылдың 4-8 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Х Халықаралық ғылыми жарыстарын өткізді. Жарыстың мақсаты - ғарыштық технологиялар, астрофизика және модельдеу, Космос және Жер туралы ғылым саласындағы қолданбалы зерттеулерге оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін ынталандыру болып табылады. Іс-шараның құрметті қонағы ретінде Ғарыш және Жер туралы ғылым саласындағы танымал отандық және ресейлік ғалымдар шақырылып, ғарыштық технология саласындағы қатысушылардың ғылыми жобаларды қорғауы және оқушылар әзірлеген экспонаттар көрмесі ұйымдастырылды. Жарыс жұмысы В.Н Челомей атындағы Халықаралық ғарыш мектебінде «Ғарыштық техника және инфрақұрылым», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және үлгілендіру», «Ғарыштық қызмет және экология», «Астрофизика және ғаламдық эволюция», «Күн жүйесі» атты 5 секция бойынша өткізілді.
Сонымен қатар жарыстың бағдарламасына сәйкес Байқоңыр ғарыш алаңы мұражайына, «Боран» орбиталдық кемесіне, академик С.П.Королевтың мемориалдық, тұңғыш Жер планетасының ғарышкері Ю.А.Гагариннің мемориалдық үйлеріне және Байқоңыр қаласының мемориалдық және тарихи жерлеріне саяхат: қалалық ғарышкерлер мұражайына, «СОЮЗ» ғарыш тасығыш-зымыран; континентаралық балистикалық әскери зымыран; «Аполлон-Союз» кеңес-американ ғарышқа ұшуына қойылған «Ғарыш-Ғылымға»; қаза тапқан зымыран-сынаушылар; академиктер Королев, Янгель, Челомей, Глушко, Бармин, Рязанский, Кузнецов монументтеріне және Қорқыт ата монументіне саяхат жасалды. «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарыстарын өткізу туралы Ережесіне сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің Солардың қатарында біздің мектебіміздің намысын қорғаған 11 сынып оқушылары жақсы нәтиже көрсетті деуге болады. Өз білімін шындаған Кульбаев Темирлан мен Орынбаев Мирас ІІІ орынға ие болса, «Экология » секциясында жұмысын қорғаған Асқарова Алтынай мен Үсенова Диана жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады. Ғылым әлемін ашуға әрекет жасаған жас ғалымдарымызды алғашқы қадамдарымен құттықтаймыз!
![]() |