Меню KDT

«Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі әкімшілік жауапкершілігі»

      Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында сәуір айының 11 жұлдызында 5-8 сыныптардың ата-аналар комитетінің төрайымдарына Астана қаласы білім бөлімінің тапсырысымен «Құқық» қоғамдық қорының төрайымы Рыль Ольга Владимирқызының қатысуымен ата-аналар жиналысы өтті. «Ата-анлардың бала тәрбиесіндегі әкімшілік жауапкершілігі»тақырыбында баяндама оқыды.

Мақсаты: 1. Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.

Міндеті: Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігі. «Құқық» қоғамдық қорының төрайымы О.В.Рыль   ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтiп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндеттi екенін атап көрсетті.

Мектеп– бұл нақты өмірдегі құқық туралы балалардың алғашқы түсінігі қалыптасатын шағын əлем. Мектеп қабырғасында балалардың алған тəжірибесі олардың құқықтық ойлау қабілетін тудырады, жəне келешекте ол балалардың құқық бұзушылыққа жол бермейтін жəне құқық нормалары тəртіптің негізі болатын қоғамда тұратыны не тұрмайтыны осыған байланысты болады.

Балалардың құқықтарын сақтау ұдайы талқыланып жəне кейбір жағдайда əдеттегі шаршатқан тақырып болғанымен, ол шын мəнінде өзінің өткірлігін жоғалтпайды, себебі бірқатар проблемалары əлі күнге дейін шешілмеген жəне қазіргі уақытқа дейін көкейкесті мəселе болып қала береді.

Комментариев нет
Просмотров: 782
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 12.04.2014 в 00:00