
Башқұртстан республикасының білім дамыту институтының делегациялары
Башқұртстан республикасының білім дамыту институтының делегациялары өзара тәжірибе алмасу мақсатында бүгін бізде қонақта болды. Эксперимент құжаттарымен, тәжірибе алаңына қатысатын мұғалімдердің әдістемелік жұмыстарымен, оқушылардың тәжірибе барысында жеткен жетістіктерімен танысты.12 жылдық білім беру жүйесінің тәжірибе алаңына қатысатын 10 «Ә» сынып оқушыларымен және бастауыш сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында екі жақты сұрақтар қойылып сұхбат жүргізілді. Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлеп өздерінің білім деңгейлерін, өнерлерін көрсетті. Кездесу соңында келген қонақтар мектеп ұстаздарының ерен еңбегіне, оқушылардың үш тілділік білім деңгейлеріне,өнерлеріне таңданыстарын жасыра алмады. Оқушылардың өздерін еркін ұстауы, кез-келген тақырыпта рухани сауаттылықтарын көрсете білуі,қазақы тәрбиені бойларына сіңіріп өскендігі қонақтардың ризашылық сезімдерін туғызды.