
Құттықтаймыз!
№8 мектепте 17.04.2014ж. Астана қаласының Алматы ауданы бойынша жалпы білім беретін оқу орындарының қазақ тілді мектептері оқушыларының арасында аудандық
№8 мектепте 17.04.2014ж. Астана қаласының Алматы ауданы бойынша жалпы білім беретін оқу орындарының қазақ тілді мектептері оқушыларының арасында аудандық Абай оқуларыөтті. Байқауға жалпы білім беретін оқу орындарының 5-11 - сынып оқушылары қатысты.
Абай, Шәкәрім оқулары үш бөлім бойынша өткізілді:
а) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы.
ә) «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың конкурсы.
б) «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы.
Конкурс қорытындысы бойынша «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша 6 «Ә» сынып оқушысы Қосымжан Гүлім ІІ дәрежелі дипломмен, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша 6 «А» сынып оқушысы Несіпбек Ұлан Бас жүлдемен марапатталды. Екі дарынды оқушы да қалалық кезеңге жолдама алды.
![]() |
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Өнерлерің өрге жүзсін! Қанаттарың талмасын! Биіктерді бағындыра беріңдер!