
Студенттер таза қаланы қолдайды
Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту үшін көріктендіру және жасыл желектерді отырғызу жұмыстарымен қатар қаланың сырт көрінісіне де ерекше көңіл бөлінді. Осы іс-шараға байланысты, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары экологиялық сенбілікке шықты.
Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту үшін көріктендіру және жасыл желектерді отырғызу жұмыстарымен қатар қаланың сырт көрінісіне де ерекше көңіл бөлінді. Осы іс-шараға байланысты, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары экологиялық сенбілікке шықты. Колледждің маңын, сыртындағы аймақты жерлерді оқытушылар, өндірістік шеберлер мен студенттерден арнайы топтар құрылып, күл-қоқыстан тазартуға өз үлестерін қосты.
Әрбір топтың өздеріне бекітілген аймақтары бар, қаланың мәдениетті және сәулет ескерткіштердің айналасын, көл жағалауын, орталық саябақтың басты саяжолдардағы гүл өсіретін алаңдарын жинастырды. Барлық студенттер үлкен жігермен және белсенділікпен еңбек етті, себебі туған қаланың тазалығын сақтау – әрбір азаматтың парызы. Сондықтан қаламыздың тазалығы үшін, бір адамдай жұмылып еңбек етуіміз міндетті. Осы орайда колледж студенттері де өздерінің үлестерін қосты.
Біздің қаламыз өте әдемі, көркем және оның әрдайым таза болғанын студенттер қалайды.