Меню KDT

Құттықтаймыз!

2014 жылдың 21 сәуір күні №69 мектеп базасында Астана қаласы  Білім басқармасының


  2014 жылдың 21 сәуір күні №69 мектеп базасында Астана қаласы  Білім басқармасының қазақ  тілі мен әдебиеті әдістемелік кабинеті жас мамандармен тәжірибе алмастыру мақсатында қазақ тілінде оқытатын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін «Ұстаз болу-жүректің батырлығы» атты жас мамандардың қалалық байқауы өтті.
 Байқаудың мақсаты:
⦁    Жас мамандардың беделін көтеру және оларды ынталандыру.
педагогтың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін және оқытуда қазіргі әдістерді қолдана білуін анықтау.
Байқаудың міндеті:
⦁    Қалалық деңгейде өз әріптестері арасында іс-тәжірибесімен бөлісу;
⦁     Үздік педагогикалық тәжірибені жинақтау;
⦁    Жас мамандардың жаңашыл тәжірибелеріне қолдау көрсету,
⦁    Жас мамандардың шығармашылық әлеуетін ашу және басылымдарға жариялауға қолдау көрсету;
⦁    Кәсіби педагогикалық шеберлігін өсіру;
Жас маманға көмек көрсету;
 Конкурсқа қатысушылар
⦁    Конкурсқа еңбек өтілі 1 жылдан 5 жылға дейінгі жас мамандар.

 
І кезең бойынша портфолио, сауалнама, эссе, видео-сабақ  Астана қаласы  Білім басқармасының қазақ  тілі мен әдебиеті әдістемелік кабинетіне тапсырылып,үздік шыққан 9 мұғалімді ІІ кезеңге өткізді.  

Осы 9 мұғалімнің ішінде біздің мектебімізден Ібікен Әйкерім Болатқызы болды.Жарыс соңында Әйкерім Болатқызы ІІІ орынға ие болды.
Төмендегі суретте Білім басқармасының әдіскері Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызымен бірге марапаттау кезінен
 
                    Жеңісің құтты болсын,Әйкерім!


Комментариев нет
Просмотров: 744
Автор: 52mektep
Сайт: www.52.astana-bilim.kz
Добавлено: 23.04.2014 в 11:30