Халықаралық тұңғыш ғарышкер күні
2014 жылдың 10 сәуірінде Астана қаласының оқушылар Сарайында Халықаралық тұңғыш ғарышкер күніне арналған «Балалар және ғарыш әлемі» қалалық байқауы өтті.Сайыс 2 турдан өткізілді: 1 тур - рефераттар және суреттер сайысы, 2 тур - «Ғарыш әлемі туралы білім» және «Ғарыш әлеміне дайындық». Осы сайысқа біздің мектебімізден 6 сынып оқушысы Пилипенко Милана қатысып, үш номинациядан дипломдарға ие болды: «Ғарыш әлеміне дайындық» номинациясы бойынша – 1-ші орын, «Ғарыш әлемі туралы білім» номинациясы бойынша – 3-ші орын, «Ғарыш әлемі тақырыбына сай реферат» номинациясы бойынша – 3-ші орын. Оқушыны сайысқа дайындаған жетекшісі Әлібекова Гүлден Зияшқызы, физика пәнінің мұғалімі. Милананы құттықтаймыз және келешекте үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!