Меню KDT

Құттықтаймыз!

25.04.2014 Д.А.Қонаев атындағы Университет колледжінде 9-11 сынып оқушылар арасында


25.04.2014 Д.А.Қонаев атындағы Университет колледжінде  9-11 сынып оқушылар арасында құқық пәні бойынша "Мен және заң" атты сайыс өтті.

Білім сайысына қала бойынша 8 мектеп қатысты. Сайыс концерттік бағдарламамен басталып, студенттердің өнерімен, ән - шашуымен жалғасын тапты. Керемет  көңіл - күйден  кейін нағыз білім сайысы басталды. Білім сайысы үш кезеңнен тұрды.

Біздің мектеп оқушылары  Омаров Мұхамедалин, Сейтжапаров Нұриден, Әбибулла Жанболсын,  Абдуллаһ Мобаракұлы тарих пәнінің мұғалімі Таубай Зейнегүлдің жетекшілігімен «Жас қыран»  тобын құрап, өз білімдерін мейлінше терең көрсетуге тырысты. Қажырлы еңбектің, терең білімінің нәтижесінде «Жас қыран»тобы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

Ендеше, Жас қырандар «атына заты сай азаматтар» екендігін дәлелдей білді. Мектеп оқушыларды жеңісімен шын жүректен құттықтайды.Жас қырандар мектебіміздің мақтанышы бола бергей...


Комментариев нет
Просмотров: 729
Автор: 52mektep
Сайт: www.52.astana-bilim.kz
Добавлено: 25.04.2014 в 17:45