
Абай, Шәкәрім оқулары
Әлем әдебиетінің алыбы, қазақтың бас ақыны, асқан поэтикалық қуаттың иесі, халықтың мақтанышы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының кешін өткізіп, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, әсем әуендерін тамылжыта жеткізген, күйлерін күмбірлете тартқан іс-шараларының бірі- Аудандық Абай, Шәкәрім оқулары болып отыр.Қаламызда жыл сайын « Абай, Шәкәрім оқуларын» өткізіп отыру дәстүрге айналған. Бұл аталмыш сайыстың «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша өз туындысын оқып, көрермендердің және қазылар алқасының ерекше назарын аударып, өз шеберлігін таныта білген Балғынбекұлы Нұруллаh II дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, Бакарамов Жанболат әсем әнін тамылжыта орындап, жүлделі I орынды иеленіп келді. Бұл жарыс ұлы ақын өмірінен үлгі алып, шығармаларымен толық танысқан және ақынның жолын қуып, өз өлеңдерін арнау арқылы, әндерін орындап, оқушыларға оның рухани азық екендігін бір дәлелдеп өткендей. Келешекте Нұруллаhқа ұлы ақындарымыздың жолын қуып, еліне танымал азамат болуына тілектеспіз. Бұл абайқау адамның болмыс-бітімі, адамгершілік қасиеті, ойшыл айтқан асыл сөз, мағыналы мазмұнға толы сөз ұстанымы оқушыны еріксіз баурап, өмірлік рухани азық болатыны сөзсіз. Келешекте де Нұруллаh пен Жанболатқа үлкен сәттіліктер тілеп, биік шыңдардан көріне берулеріне тілектеспіз.