
«Менің қызықты күндерім»
Бүгін мектепте 5 «Г», 6 «В» теңестіру сыныптары арасында «Менің қызықты күндерім» атты психологиялық КВН өтті.
Бүгін мектепте 5 «Г», 6 «В» теңестіру сыныптары арасында «Менің қызықты күндерім» атты психологиялық КВН өтті. Сынып оқушылары өздерінің шеберлігін көрсетті. Оқушылар КВН- ға үлкен қызығушылықпен дайындалды. Біріңғай формамен таныстырылды және залда қолдаушылар тобы болды, ережені сақтаған үшін әділ қазылар қосымша тиісті ұпай қосты.
Әділ қазылар құрамына кіргендер:
1. Директордың оқу ісінің меңгерушісі жөніндегі орынбасары – Молдаханова А.С.
2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Шабкенова С.Ж.
Әділ қазылар қорытынды жасап, КВН-да 1-орын алған 5 «Г» «Болашақ» тобы 74 ұпай санымен және 6 «В» «Бірлік» тобы 70 ұпай санымен 2-орынға ие болды.
Сайысты өткізген мектеп психологы: Атамбаева Д.Ж.