
Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты ІІ қалалық ауызша командалық олимпиадасы
2014 жылдың 27 сәуірінде №66 мектеп-лицейінде Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты ІІ қалалық ауызша командалық олимпиадасы өтті. Мақсаты: Білім алушылардың пәндер бойынша бәсекелесе алу қабілетіне жол ашу,дарынды балалардың бірнеше тілді меңгеруі (қазақ,орыс,ағылшын т.б.),ғылыми танымдық белсенділігін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды саралай, бағалай білуге баулу. Олимпиадаға біздің мектептен бастауыш сыныптар арасында 1 «Ә» сыныбынан «Болашақ» тобы жетекшісі:Бердалина Әсемгүл Кабкеновна, 1 «Б» сыныбынан «Достық» тобы жетекшісі: Смагулова Шолпан Тишбековна,2 «Г» сыныбы «Алғырлар» тобы жетекшісі: Құрмангалиева Гүлнұр Мирашовна,5 «Б» сыныбы «Жарқын» тобы жетекшілері:Қаршыға Сайлаукүл Сламбекқызы (қазақ тілі),Қалқанбаева Марфуға Қыдырмолдақызы (математика), Қасенова Куралай Ахметовна, Тукешева Балжан Канапиевна (орыс тілі), Бердакова Лариса Каримовна, Ашенова Сабира Саулебековна (ағылшын тілі) қатысып, барлық командалар мамырдың 16 жұлдызында өтетін республикалық ауызша командалық олимпиадаға жолдама алды. Барлық қатысушы оқушылар және республикалық олимпиадаға жолдама алған оқушылар, мұғалімдер Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Э. Суханбердиеваның арнайы Алғыс хаттарымен және Мақтау қағаздарымен марапатталды.