Меню KDT

«Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал»

«Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал» деген тақырыпта өткен қолданбалы және таңдау курстарының апталығы болып өтті.


«Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал» деген тақырыпта өткен қолданбалы және таңдау курстарының апталығы болып өтті. 

Мақсаты: Оқушының өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық таңдауда жауапты шешім қабылдауға дайындау.
Ұйымдастырушы: Шығармашылық топ

Апталық аясында қаламыздағы оқу орындарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Оған Қазақ инженерлік-техникалық академиясынан, ТОО «UNITED WORLD»оқу орнынан мамандар қатысып, шетелде оқу бағдарламасы бойынша мәліметтер берілді. 9,11- сынып оқушыларына сол оқу орны дайындайтын мамандықтары туралы айтып, оқушыларға кәсіби бағдар берді.



8-сынып оқушылары сынып жетекшісі Байтасова Панзаның ұйымдастыруымен  түрлі мамандық иелерімен кездесіп, сұхбаттасты. Маман иелері өз мамандығын неліктен таңдау себебін айтып, мамандық таңдауда қателеспеу керектігін айтты. Ал оқушылар болашақ мамандығы туралы ой бөлістіті.



Математика пәні мұғалімі Хамит Рая 8 сыныпта «Шығармашылық бейінділігін дамыту» атты қолданбалы курстан ашық сабақ өткізді. Сабақта берілген тапсырмалар оқушылардың математикалық білімінің тереңдеуіне ықпал етті. Сабақта оқушылар белсенділік танытты.



Апталық барысында өткен«Ең үздік портфолио» сайысына 49 оқушы өз шығармашылық портфолиосын ұсынды. 5-8 сыныптар арасында жүлделі орынды биология пәні мұғалімі Абдикадирова Айгүлдің оқушысы Амангельдина Аружан (6ә сынып), 10-11 сыныптар арасында математика пәні мұғалімі Қуандыққызы Зағипаның оқушысы Қалиева Индира(9асынып) жеңіп алды. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Момынқұлова А.М., биология пәні мұғалімі Шонова Ә.Қ.,математика пәні мұғалімі Мурзагалиева Г.И., физика пәні мұғалімі Байтасова П.-ның оқушылары жүлделі орынға ие болды.

Теги:  курс, апталық, Оқушы,

Комментариев нет
Просмотров: 1002
Автор: 48mektep
Сайт: 48mektep.edu.kz
Добавлено: 28.04.2014 в 16:14