Меню KDT

«1 мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне» орай өткізілген «Астана – достық бесігі» фестивалі

Халықаралық ынтымақтастық мерекесі ретінде қалыптасқан 1 мамыр - бүгінде елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен достығы күні. 130-дан астам ұлттың басын біріктіріп, татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі болған Қазақстан - қазір төрткүл әлем үшін ұлтаралық келісімнің үздік моделі болып табылады. «Береке бастауы – бірлік, ел іші – тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл  мейрамның орны ерекше.  Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.

2014 жылғы 24 сәуір күні №53 мектеп-лицейі 1-мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған «Астана – достық бесігі» атты қалалық фестивалін ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты -  Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

 «Достық» атты бір  шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлт өкілдері мерекеде ән айтып, би билеп, жалпы халықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көрініс көрсетті.

Фестивальге бірнеше этно-мәдени орталықтардан Мнеян Айстан Федиковна,Зарипов Александр Михайлович, Горбунов Николай Николаевич,

Стефогла Людмила Васильевна, Исмаилов Шавкай Абдуллаевич, Подольский Геннадий Павлович және № 20,47,64,28 мектеп оқушылары қатысты.

Комментариев нет
Просмотров: 103
Автор: urazalinova
Сайт: www.astana-bilim.kz
Добавлено: 28.04.2014 в 00:00