Меню KDT

«Әр ұлттың қыз бала тәрбиесіндегі ерекшелігі» атты тәрбие сағатынан ақпарат

16 сәуір күні Астана қаласы Гуманитарлық колледжінің «Қызым, саған айтамын» үйірмесінің ұйымдастыруымен өткен сыр-сұхбаттың мақсаты  қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін негізге ала отырып, өзге ұлттың қыз бала тәрбиесіндегі әртүрлі халықтың мәдениетін салыстырып, салт – дәстүрлері бойынша алған білімдерін жинақтап, іс – тәжірибеде, өмірде қолдана білуге үйрету болды.


16 сәуір күні Астана қаласы Гуманитарлық колледжінің «Қызым, саған айтамын» үйірмесінің ұйымдастыруымен өткен сыр-сұхбаттың мақсаты  қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін негізге ала отырып, өзге ұлттың қыз бала тәрбиесіндегі әртүрлі халықтың мәдениетін салыстырып, салт – дәстүрлері бойынша алған білімдерін жинақтап, іс – тәжірибеде, өмірде қолдана білуге үйрету болды.

“Ел болам десең, бесігіңді түзе” демекші, халықтың тәлім- тәрбиесін жасынан санаға сіңіріп өскеңдер ғана ұлтын сүйіп, елдің қамын ойлайды.Қазіргі заман қыз тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.  «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» – деп бекер айтылмаса керек.

  Өз тобымыздағы өзге ұлттардың қыздарын қатыстыра отырып, олардың қыз тәрбиесіндегі ерекшеліктерін атап сыр-сұхбат берді. Өзге ұлт  өкілдері кәріс, өзбек, удмурт, қазақ қыздары, қыз баланың тәрбиесі  туралы толық мағлұмат беріліп, видеоны, әр түрлы суреттерді қолданып, ұлттық құндылықтарды әшкерелеп айтып берілді. Кәріс ұлтының ұлттық ерекшеліктерін Югай Мира өз ұлтының қыз бала тәрбиесінің басты құндылықтарын әңгімелеп берді.

    











Өзбек ұлтының қыз бала тәрбиесі туралы жан – жақты мағлұматты Елибаева Дилфуза беріп өтті.  «Қызың бойжетсе ұзатуға асық» деген мұсылманшылық ұғым өзбектерде жақсы сақталған. Өзбектердің көбісі мектеп бітірген қызын дереу тұрмысқа беруге асығады. Оларда қыздың жоғары білім алып, алмағаны маңызды емес. Себебі, өзбектерде келін болып түскен қыз үй шаруасына жауапты болады.

 

Богданова А. удмурт халқының қыз бала тәрбиесі жайлы толық мағлұматты берді. Удмурт халқы  қыздарының  үнемі ұлттық киімдерін киіп,  ұлттық тағамдарды әзірлеуін бағалаған.  Ұлттық тағамдары нан өнімдерінен жасалатындығын және удмурт халық әнін орындап берді.

Өзге ұлт қыз тәрбиесіндегі өзгешеліктерді бағалай отырып, қазақ қыздарының тәрбиесі жайлы ой бөлісті.

     

Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін бойына сіңіре

отырып ,қыз  балаға келешекте ана,  ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-

берекесі екенін ұғындыру арқылы студенттің үйірмеден  алған білімдерін

тәжірибемен ұштастырылды. Ата – баба салтын қастерлеуге , жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тәрбиеленді.

Қорыта айтқанда, ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарамай,осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу– ата – ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті.

 


Комментариев нет
Просмотров: 345
Автор: urazalinova
Сайт: www.astana-bilim.kz
Добавлено: 29.04.2014 в 10:10