
«Жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәрігер мамандарымен кездесу
Мектебімізде 25.04.2014 ж. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәрігер мамандарымен кездесу өтті.
Мектебімізде 25.04.2014 ж. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәрігер мамандарымен кездесу өтті. Кездесуге №2 қалалық ауруханасының дәрігері Д.А.Есмурзиева 8-11 сынып қыздарына дене бітімі дамымаған қыз балалардың жүкті болған кезде қандай жағдайға душар болатыны жайлы, балалардың мүгедек болып туатыны туралы, ата-аналар мен қоғамның көзқарасы туралы айтты. Жүктіліктің алдын алу үшін қандай контрацептивтік заттарды қолдануға болатыны, олардың қорғауының сапасы туралы слайдтардағы диаграммалармен сипаттап өтті. №2 қалалық ауруханасының дәрігері Д.А.Есмурзиева сөзінің сонында ер балалармен жыныстық қатынасты болдырмаудың жолдарын айтты. Дәріс соңында оқушыларға «Жүктіліктің алдын алу» парақшалары таратылды. Мектеп әкімшілігі тарапынан ТІЖО И.А.Разиева, әлеуметтік педагог З.Х.Искакова , мектептің инспекторы А.М.Амрина қатысты.
25.04.14 күні өткен "Жүктілікті алдын алу" тақырыбында
дәрігер мамандарымен кездесу