
Майданнан келген хаттар...
Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Астана қаласы №49 орта мектебінде «Майданнан келген хаттар» атты қалалық әдеби-сазды кеш өткізілді. Әдеби кешке Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері Шарипов Сергей Қасымұлы, қала мектептерінен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Астана қаласы №49 орта мектебінде «Майданнан келген хаттар» атты қалалық әдеби-сазды кеш өткізілді. Әдеби кешке Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері Шарипов Сергей Қасымұлы, қала мектептерінен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Аталған кеш Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арнап өткізілді. Көктемнің шуақты күнімен қатар келетін бұл мерекенің біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Біздің ұлан-ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді десеңші! Осынау ата-бабаларымыздың қанымен, жанымен келген Ұлы Жеңістің ұлылығын айту, өскелең ұрпаққа үйрету, маңызын түсіндіру - біздің, яғни ұстаз қауымының еншісінде.
Әдеби кештің ашылу сәті мектеп директоры Джумартова Данара Мейранбекқызына берілді. Мектеп директоры іс-шараға қатысушы ұстаздар қауымын кештің мақсаты мен бағдарламасымен таныстырып, алғысын білдірді. Білім басқармасының әдіскері Сергей Қасымұлы батыр ұл-қыздарымыздың жанқиярлық ерлігінің нәтижесінде жеткен Ұлы Жеңістің тарихтағы орнын атап өтіп, шараның сәтті өтуіне тілектестік танытты.
Кештің ашылу салтанаты республикалық Қазақ Аруы - 2014 байқауының жеңімпазы Қажынхан Гүлмаралға берілді. Гүлмарал бейбітшіліктің символына айналған ақ көгершіндермен әдемі сазды әуеннің ырғағында өнер көрсетті. Ізінше, Кажынхан Гүлмарал қазақтың киелі қара домбырасымен Құрманғазының «Сарыарқасын» төгілте күй шертіп, көпшілік ықыласына бөленді.


Осы бір әсерлі сәттен кейін келген қонақтарымыз бен ұстаздарымыз «Жеңіс туы желбірейді!» атты эссе көрмесін, «Жеңіс қылқалам ұшымен...» атты суреттер көрмесін, «Ұлы Жеңіске тағзым!» тақырыбындағы кітаптар көрмесін, «Жыр жазамын жүрегімнен» атты өлең-жырлар көрмесі мен «Ардагерге кәдесый» атты қолөнер көрмесін тамашалады.



Іс-шараға қатысушылар акт залында «Майданнан келген хаттар...» атты әдеби-сазды кешті тамашалады. Кеш барысында мектеп оқушылар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батыр, қаһармандардың ерен ерліктерін сомдап, өз өнерлерін аянбай ортаға салды. Олар Бауыржан Момышұлы, Қасым Аманжолов, Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұлованың тұлғасын сомдай отырып, майдан уақытында жазылған хаттардың қаншалықты маңызды екенін көрсете білді.



Енді бірі соғыстан қайтқан жаралы жауынгерлердің бейнесіне еніп, анасымен, бауырымен кауышқан кездерді бейнелесе, енді бірі баласы мен жолдасынан зарыға хат күткен ананың, жарының бейнесін сақналады. Әдеби кеш «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Ана туралы баллада», «Қазақ елі» әнімен және сол замандағы «Катюша» әніне орындалған әсем бимен ұласты.
Әдеби кеш барысында оқушылар майдан уақытының қаһарлы жылдарындағы өлеңдерді жатқа оқып, жан тебірентті.
«Майданнан келген хаттар...» атты әдеби-сазды кешке қатысқан оқушылардың көзінен қуаныш ұшқыны аңғарылып, кеуделерін еліне, жеріне деген патриоттық сезімдері кернеді.

Әдеби кеш соңында қатысушы ұстаздар мен қонақтар алған әсерлерімен бөлісіп, жылы лебіздерімен білдірді.