Меню KDT

«Кәсіби құзыреттілік: келелі мәселелер, ізденістер, шешімдер» тақырыбында қалалық семинар өткізілді

Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында 2014 жылғы 25 сәуірде деңгейлік курс аяқтаған мұғалімдердің «Кәсіби құзыреттілік: келелі мәселелер, ізденістер, шешімдер» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – деңгейлік курс аяқтаған мұғалімдердің іс-тәжірибесін бөлісу және қала деңгейінде тарату. Семинарға Астана қаласы мектептерінің мұғалімдері, Білім басқармасының әдіскерлері К.І.Баяхметбаева, А.Т.Мендыбаева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ деңгейлік бағдарлама орталығының тренері Л.Я.Пырлик қатысты. Семинар жұмысын Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының директоры Г.М.Шаймердинов ашып аталған бағдарлама бойынша мектеп ұжымының жасаған жұмысына тоқталды. Семинар үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде  келген қонақтар 1деңгей аяқтап келген қоғамтану пәні мұғалімі Г.А.Аяпбергенованың «Заманауи мұғалімнің құзыреттілігі» тақырыбындағы жасаған баяндамасын тыңдады, онда мектепте аталған деңгейлік курс бағдарламасының жүзеге асу кезеңдері жан-жақты ашып айтылса, екінші кезеңде үшінші деңгейді аяқтаған №2 мектеп-гимназия мұғалімдерінің ашық сабағы болды. Қазақ сыныбында 6 сабақ көрсетілді. Оның ішінде  қазақ тілінен – А.Б.Айтакова, Л.Қ.Тұрымтаева; математикадан – Ү.Б.Зияданова, К.Б.Зияданова;  ағылшын тілінен – А.Ж.Игманова, бастауыш сыныптан – К.К.Капатаева. Орыс сыныбында 4 сабақ көрсетілді. Оның ішінде қазақ тілінен – Б.А.Аубакирова;  тарихтан Д.М.Дузельбаева;  географиядан – Р.В.Садвакасова; бастауыш сыныптан – Г.А.Муратаева. Семинардың үшінші кезеңінде курстың екінші деңгейін аяқтаған педагогтер қазақ тілі пәні мұғалімі Б.М.Сыбанбаева «Оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтік оқытудың маңызы» тақырыбында қазақ тілінде коучинг өткізсе, орыс тілінде математика пәні мұғалімі Е.Д.Величко «Обучение, успеваемость  и улучшение успеваемости через обучение тому, как учиться» тақырыбында коучинг өткізді.Семинар жұмысын директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Ә.Қ.Әмірова қорытындылады. Белсенді педагогикалық ұстанымдары, шығармашылықпен жұмыс жасағаны үшін семинарға қатысушыларға алғыс айтты. Семинар жұмысына қанағаттанған қонақтар мұғалімдердің шығармашылығына сәт сапар тілей отырып, аталған бағдарламаның тиімділігіне көз жеткізгендерін айтты. Семинар материалдары жинақ болып шығарылса деген ұсыныстарын ортаға салды. Семинар барысында мұғалімдер өздеріне ғылыми-әдістеме жағынан көптеген мағлұмат алды.

Комментариев нет
Просмотров: 296
Автор: 2mektep
Сайт: www.2.astana-bilim.kz
Добавлено: 26.04.2014 в 00:00