Меню KDT

03.05.2014ж. «Оқыту мен оқудағы өзгерістер» оқыту семинары

Мектеп   директоры Умарова Алма Қаирбулатқызы   Қазақстан Республикасы Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасының тыңдаушысы ретінде  алты айлық  мектептегі  тәжірибесін жалғастыруда.


Мектеп   директоры Умарова Алма Қаирбулатқызы   Қазақстан Республикасы Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасының тыңдаушысы ретінде  алты айлық  мектептегі  тәжірибесін жалғастыруда.
Ол қазіргі қарқынды өзгеріп жатқан әлемде, соның ішінде білім беру жүйесінде ең басты мәселе: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге  қалай дайындайды?» деген сұрақтарға жауап ретінде «Оқыту мен оқудағы өзгерістер» тақырбында ұжымға оқыту семинарын  ұйымдастырды.Семинарда педагог персоналдар, оқушылар мен ата-аналардан алынған сауалнамаларды өңдеу барысында бірнеше мәселелер туындағаны және оларды  жою жолдары қарастырылды. Оқыту мен оқудың мықты және дамытатын салалары анықталды.Сауалнамаға қатысқандардың барлығы  мектепке өзгеріс енгізудің қажеттілігін бір ауыздан білдіргенін баяндады.
Оқыту мен оқу үдерісіне  өзгерістерді енгізу мақсатында  «Зерде» қоғамдастығының жұмысын жетілдіру, басқа мектептермен және жергілікті қауыммен  желілік қоғамдастықты ұйымдастыру  және өзгерісті енгізу үшін   сабақ жүргізуде жеті модульдің негізге алынатынына тоқталды:



  • Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер
  • Сыни тұрғыда оқытуға үйрету
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  • Талантты, дарынды балаларды оқыту
  • Оқыту мен оқуда АКТ қолдану
  • Оқытуды басқару және көшбасшылық
  • Оқытушылардың жас ерекшелігіне сәйкес  оқыту және оқу
Ең алдымен  өзгерісті көшбасшылық  және тәлімгерлік арқылы енгізіледі, ондағы мақсат: тәлім алушының кәсіби өсуін жетілдіру, әдістемелік кәсіби көмек беру және  көшбасшылық тәжірибесін дамытуға ынталандыру .
Семинардың соңында  «Жабайы қаздардың өзара топтық ынтымақтастығының  5 сабағы» атты бейнефильм көрсетілуі арқылы,мұғалімдер пікір таласқа түсе отырып,  «Әрбір  тұлға  көшбасшы бола алады» деген түйіндеме шығарды.


Комментариев нет
Просмотров: 468
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 03.05.2014 в 20:00