
Ардагерге хат
№68 орта мектеп ұжымының ұстаздары мен оқушылары барлық ардагерлерді 9 мамыр Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙДЫ ! Оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде " Ардагерлерге хат " жолдайды.
АРДАГЕРЛЕРГЕ ХАТ
Сәлеметсіз бе, ардагер, менің сүйікті атам! Мен сізге үлкен қуанышпен хат жолдап отырмын. Себебі, бүгінгі күнде сіз барсыз. Достарыма айтып қуанышымды да бөлістім. Менің есімімді де сіз 80 жасқа келгенде көрген алғаш шөберем, «Сексен» деп қойғаныңызды, 90 жасқа толғаныңызды, өзіңіздің соғыста болған сәттеріңізді,бір күні Днепрден ағашқа жабысып өткеніңізді де достарыммен бөлістім. Ата мен сізге ұқсап өжет, батыл болғым келеді. Сіздің әңгімелеріңізді тыңдай отырып, қайсар болуды да үйрендім. Мен өмір бойы сізді мақтан етіп, ардақтап өтем. Мен, сіздей атасы бар бақытты баламын.
Сәлеммен, шөбереңіз Сексен.
Бөкенбаев Сексен 4 «Ә» сынып оқушысы
Ардагерге хат.
- Сәлеметсіз бе, қадірлі, Ардагер! Сізді 9-ыншы мамыр мейрамымен құттықтаймын! Сіздерді өте қатты жақсы көремін, құрметтеймін, қадірлеймін. Сіздер, барлық Қазақстанымыз үшін күрестіңіздер. Сіздердің арқаларыңызда адамдар тату – тәтті өмір сүріп жатыр. Сізге көп - көп рахмет. Сіздердің Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдындағы жасаған ерліктеріңіз бен батырлықтарыңызды ескеріп айту үшін хат жолдап отырмын. Мен енді біздің елде соғыстың болмауын қалаймын. Ата, жақсы сау болыңыз!
Тілек білдіруші немереңіз Ақшуақ.
Баймұратова Ақшуақ. 3 «А» сынып оқушысы
Ардагерге хат.
Сәлеметсіз бе, Өтеп ата! Қалдарыңыз қалай? Сізді 9-ыншы мамыр жеңіс күнімен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін. Сіздердің арқаларыңызда бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Елімізде ауызбіршілік, тату-тәттілік бола берсін. Мен де, менің ағам да сізді құрмет тұтамыз. Сіз еліміздің мақтанышысыз! Енді соғыс болмасын, тыныштық болсын. Біз сізді ылғи мақтан тұтып, үлгі етеміз. Жүз жасаңыз. Сіздей ардагерлеріміз аман болсын! Сау болыңыз!
Сәлеммен немереңіз Жансая.
Көпжасар Жансая 3 «А» сынып оқушысы
Ардагерге хат.
Сәлеметсіз бе, ардагер!. Мен №68 орта мектептің 4 «а» сыныбында оқимын. Мен сізге хат жазып отырмын. Егер сіздер болмасаңыздар біздің өміріміз мұндай бақытты да, баянды болмас еді. Біз сіздердің арқаларыңызда өз Тәуелсіздігімізді алмас едік. Біз сізге бас иеміз. Сізге зор денсаулық, бақыт тілейміз. Рақмет, осындай өмір сыйлағаныңызға.
Сәлеммен: балаңыз Бекболат.
Абсамет Бекболат 4 «А» сынып оқушысы
Ардагерге хат.
- Сәлеметсіз бе, құрметті, ардагер ата! Қалыңыз қалай? Сізді жеңіс күнімен құттықтаймын! Мен сізге зор денсаулық, бақыт, ұзақ өмір тілеймін. Мен барлық адамдар секілді батыл, қайратты, айтқанынан қайтпайтын адам болғанын қалаймын. Біз бейбітшілікті тілейміз. Енді соғыс ешқашан болмасын. Міне осылай біздің арамызда қартаймай жүре беріңіз.
Шын жүректен немереңіз. Елубаева Аида.
Елубаева Аида сынып оқушысы
Ардагерге хат.
Сәлеметсіз бе, ардагер ата! Қал – жағдайларыңыз қалай? Біз сіздердің арқаларыңызда бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Сіздер соғыста қанша жалалансаңыз да, намысты қолдан бермей, елім деп, жерім деп күрестіңіз. Сол жылдары өте ауыр кезең болды. Ол кезде аштық та болды, әйелдер мен балаларды құлдыққа алып кетті. Бірақ сіздер соғыста тізе бүгіп отырған жоқсыздар. Мен сіздердің сол батырлықтарыңыз қайран қаламын. Мен өскенде сіздер сияқты елімді,жерімді қорғайтын азаматша боламын. Мен сіздерге денсаулық тілеймін. Ауырмай біздің арамызда жүре беріңіздер.
Сәлеммен немереңіз: Қарақат.
4 «А» сыныбы Тұрғынбекова Қарақат.
Ардагерге хат!
Сәлеметсіз бе, ардагер ата. Қалыңыз қалай. Менің есімім Мақсұт Нұрай 4 А сыныбында білім алып жатырмын. Мен сіздің алдыңызда мың да бір рет басымды иемін. Сіз болмасаңыз біз осындай зәулім мектепте білім алмас едік. Сәулетті де көркем Астанада тұрмас едік. Мен сізге зор денсаулық тілеймін. Ешқашанда ауырмаңыз, біздің ортамызда қартаймай жүре беріңіз!
Сәлеммен, немереңіз Нұрай.
4 «А» сыныбы Мақсұт Нұрай
Сәлеметсіз бе, ардагер ата. Мен сіздерді кинодан , кітаптан оқыдым, көрдім. Сіздер өте мықтысыздар. Сіздер 1941 жылы соғысқа қатысқансыздар., қазақ елін қорғап қалдыңыздар. Осы біздің еліміздің тыныш болғаны сіздердің арқанызда. Сіздер Қазақстан елі үшін көп еңбек сіңірдіңіздер. Менін атым Әсем. Ардагер ата, мен де сіз сияқты болғым келеді. Мен де өскенде азаматша болып елімді қорғаймын. Ешқашан мен сіздерді ұмытпаймын. Сізді қолдаймын. Сай болыңыз, ардагер ата!
Сәлеммен Әсем.
4 «В» сыныбы Искакова Әсем
Ардагер атаға хат!
Құрметті, Ардагер ата! Ең бірінші сізді мына келе жатқан Ұлы мереке Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл сіздердің жеңістеріңіз, ең басты сіздердің мерекелеріңіз. Соғыстын аяқталғанына көп болса да, әлі күнге дейін сіздердің ұрпақтарыңызға сыйлаған бұл күндерді ешқашан естен шығармаймыз. Сұрапыл соғыста не көрмедіңіздер. Менің сіз сияқты атам болған. Оның аты-Самархан ата. Ол кісі де сіз сияқты сол соғысқа қатысып, өз өмірін болашақ біздер үшін қиды. Елімізді, жерімізді фашистерден қорғады. Мен атаммен мақтанамын. Ол кісіні көрмесемде ерлігі туралы әрдайым ата- анамның ауызынан көп естимін. Сіздердің арқаларыңызда біз осылай бейбіт өмір сүріп отырмыз. Кім білер егер сіздер сол жеңіске жетпегенде, біз бүгін болар ма едік? Өкінішке орай күннен-күнге сіздердің қатарларыңыз азайып барады. Сіздерге мен шын жүректен тілейтінім ауырмаңыздар, көп жасаңыздар,өмірдің тек жақсылығын көріңіздер. Сіздердің жасаған ерліктеріңіз біз үшін үлгі, өнеге. Сіздерге мың алғыс!
Сәлеммен немереңіз Еркежан. 4 Ә сынып
Ардагер атаға хат!
Құрметті, ардагер ата, сіз 1941 жылы соғыста өз күшіңізді салып, бізді осындай жағдайға жеткіздіңіз. Біз сіздің арқаңызда жақсы жағдайға жетіп отырмыз. Біз сіз туралы дүниетану сабағынан танып білдік. Сізге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз. Ешқашан ауырмаңыз. Сіз сияқты азаматтар көбейе берсін. Осындай қан майданда бар күшіңізді салып жеңіп шықтыңыз. Сіздің армандарыңыз орындала берсін. Сіздің ерлігіңіз әлемге таныталық. Мен сіз туралы кинолардан, теледидардан, кітаптан оқып, біліп, көрдім. Сіздер 9 мамырды жеңіп келдіңіздер. Ол күн жеңіс күні деп тойланады. Сіз сияқты басқа да батырлар соғысып Қазақстанды қорғауға шықты. Мыңдаған әскерлер өз елдерін қорғады. Сіз туралы кітаптар кішкентай балаларды сіз сияқты батыр, мықты өз елін сүюге, құштарлық танытуға баулиды. Сіз сияқты бізде де көп медаль болса деймін. Сау болыңыз, ардагер ата.
Сәлеммен қызыңыз: Дильнур 4 «В» сынып оқушысы
4 «В» сыныбы Қоршаубай Алтынай
Құрметті Ардагер ата. Менің сізге хат жазып тұрған себебім, сіз 1941 жылы қазақ соғысына қатысып Қазақстанды ерлік жасап қорғадыңыз. Соғысқа көп батырлар да қатысып көбісі Қазақстанға оралмады. Сіз ел үшін сұрапыл-сұрапыл соғысқа бардыңыз. Сіз тек өз еліңізді ғана емес көрші елдерді қорғадыңыз. Мен бұл соғыстарды дүниетану кітабынан және кинодан көрдім. Сізді қазақ елі мақтан тұтады. Соғыста ерлігі мен қайсарлығы үшін қазақстандық Талғат Бегелдинов Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алды. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Сұлтан Баймағамбетов Кеңес Одағының Батыры атанды. Бұл батырлар да өз елін жаудан қорғап, басын өлімге тіккен сіз секілді қазақ батырлары.Ардагер ата, сізді халық мақтан тұтады. Деніңіз сау болсын, ұзақ жасаңыз.
4 «В» сыныбы Мұратбекова Аяулым
Сәлеметсіз бе? Құрметті, ардагер ата! Мен сізді кинолардан, кітаптардан көп оқимын және көремін. Мен дүниетану сабағынан да көп оқыдым. Сіздер майданда қан төгіп, біз үшін, бейбітшілік үшін соғысып, күрестіңіздер. Сіздер өздеріңіздің балаларыңыздарды тастап, соғысқа бардыңыздар. Сол жақта қайтыс болғандар да аз емес. Біздің осылай күліп – ойнап жүргеніміз сіздердің арқаларыңызда. Ұлы Отан соғысы мен үшін және менің сыныптастарыма ерекше мейрам. Егер мен сіздерді көріп қалсам, сізге көптеген сұрақтар қоюшы едім. Мен сіздерді келе жатқан 9 мамыр мерекесімен құттықтаймын. Ауырмаңыздар, бақытты болыңыздар. Мен сіздерге ең бастысы денсаулық тілеймін, аспаныңыз ашық, отбасыңызда шаттық болсын. Ұзақ өмір сүріңіздер.
Ардагерге хат
Ардагер ата, мен сіз туралы әкемнен,анамнан және үлкен әжемнен көп естігенмін. Ол кісілер маған соғыс туралы, Отан қорғаған батыр бабаларымыз туралы көп әңгімелер айтады. Сондықтан мен сізді мақтан тұтамын. Сондай-ақ мен таң қаламын, сіз қалай 4 жыл соғыста жүрдіңіз, қиыншылықтарға мойынсұнбай, шыдыдыңыз. Сізге көп рахмет. Сіз бізге бақытты да бейбіт ғұмыр силадыңыз. Менің атам да соғыста қаза тапқан. Ол кісі де ерлік көрсеткен. Мен атамды көрмесем де, ол кісінің рухы мені қолдап жүргеніне сенемін.Атамды көргенімде ғой деп армандаймын. Тірі болса менің жақсы оқып, ол туралы жазған хатымды оқып қуанар ма еді. Ардагер аталарымыздың азайып бара жатқанына мұңайамын. Сіздер сыйлаған бейбітшіліктің арқасында өмір сүріп, мынандай қалада, осындай әдемі мектепте білім алып жүрміз. Сіздерге мың да бір алғыс, ардагер ата!
Келденов Даулет 5 «Ә» сынып оқушысы
Ардагер ата, сәлеметсіз бе?
Сізді Жеңіс күнімен құттықтап, мыңнан бір алғыс айтқым келеді. Сіз біздер үшін қан төктіңіз, жаумен шайқастыңыз. Сізге жүз медаль берсе де аз болады. Өйткені төрт жыл жаумен соғысып, қаншама қиыншылық көрдіңіз. Немістер көптеген қалаларды қиратып, қаншама адамдарды өлтірді. Біз ол туралы кинолардан көреміз. Соғыстың біткеніне 69 жыл толса да, ол туралы әңгімелер әлі айтылады. Біз ол әңгімелерді тыңдап, аталарымызды мақтан тұтамыз.
Ардагер ата, мен өскенде сіз сияқты батыр болғым келеді. Және батыр болуға әлден дайындалып жүрмін. Мен спортпен айналысамын, сабақты жақсы оқимын. Үйдегі ата- әжемді, ата- анамды тыңдаймын, оларға үнемі көмектесіп жүремін. Сіз сыйлаған өмірде Отаныма үлкен үлесімді қосқым келеді.
Табанов Мұхаммед 5 «Ә» сынып оқушысы
Ардагер ата, мен Сіз сияқты батыр аталарды өте жақсы көремін. Сіз ержүрек, батал болдыңыз, төрт жыл бойы Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеттіңіз. Сіз Отанымызды жаулардан қорғап, бізге өмір сыйладыңыз. Сіздер жерімізді жаудан қорғамасаңыз, мүмкін, біз туылмас та едік. Сіздердің арқаларыңызда осындай кең байтақ Отанымызда өмір сүріп жатырмыз. 69 жыл болды, жеріміді немістерден азат алып қалғаныңызға. Соғыс туралы тек кинодан көріп, естиміз. Сол үшін де Сіздерге көптен көп алғысымызды білдіреміз.
Бимолдина Адина 5 «Ә» сынып оқушысы
Ардагер ата, сәлеметсіз бе!
Бүгін сіздің мерекеңіз. Бүгін біздің сыныбымызда мерекеге орай сынып сағаты болып өтті. Апай бізге соғыс туралы, Отанымызды қорғаған батыр аталарымыз жайлы әңгімелер айтып берді.
Мен сізді мерекемен құттықтап, Сізге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Сіз батырсыз, Сіз ержүрексіз! Мен Сізді мақтан тұтамын, мен Сізді үлгі етемін! Батыр болу арманым болғанымен, соғыстың болғанын мен қаламаймын. Сіздер бізге соғысты көрмесін деп, бейбітшілік сыйладыңыз, сол үшін де сіздің алдыңызда бас иемін!
Ата, біз сабақты жақсы оқып, сіздердің ерліктеріңізді, еңбектеріңізді ақтауға тырысып жүрміз. Біз де үлкен болғанда Отан үшін еңбек етіп, Отан қорғауға дайын болатынымызды айтқым келеді.
Жанпеисова Жанерке 5 «Ә» сынып оқушысы
Ардагер ата
Құрметті ардагер ата, сәлеметсіз бе! Менің әжем Мәпруза сіз туралы, яғни, Бодауов Самархан атам туралы өте көп әңгімелер айтатын. Сіз Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тауыпсыз. Әжем сізді қайта көре алмағанын айтып, жылап еске алатын. Мен сонда ойлайтынмын, шіркін ,әжемнің әкесі тірі болып, бір күні қайтып келсе ғой, әжем қатты қуанар еді,- деп. Бірақ, міне, соғыстың біткеніне 69 жыл болды, қазір әжем де жоқ қасымызда. Теледидардан соғыс туралы кинолар көріп, жаным түршігеді. Неге адамдар соғысады екен деп ренжимін. Сіздер сияқты батыр ата-бабаларымыздың арқасында соғыс деген сөзді білмейміз.Тәубә, осылай бола берсе екен.
Самархан ата, мен сіздің ұрпағыңызбын. Әжемнің ең кенже 30-шы немересімін. Әжем мені жақсы көретін. Мен әжем ауырып жатқанда қасынан кетпей қарайтынмын. Ол кісі қайтыс болғанда көп жылағанмын, қазір де есіме алып, сағынамын. Сіздің көп шөбере, шөпшектеріңіз бар, біздің жанұямыз өте үлкен. Әжемнен туған он баладан 30 немере, 11 шөбере өсіп келеді. Бәрі де сіз мақтан тұтатындай жақсы ұл-қыздар. Сізге әке-шешем, ата-апаларым құран бағыштап жүреді. Сіз қорғаған еліміз тыныш, ол үшін сізге мың да бір рахмет!
Ата, жатқан жеріңіз жайлы болсын. Мен Сізді мақтан тұтамын! Сіздің атыңызға кір келтірмеймін! Болашақта өзіңіз сияқты Отан қорғайтын, елін сүйетін батыр да батыл азамат болуға уәде беремін!
Сәлеммен шөбереңіз Еркежан Амангелдіққызы, Астана қаласы, №68 орта мектебінің 4 «Ә» сынып оқушысы.
Ардагерлерге хат
Ассалаумалайкум қадірлі Ардагерлеріміз. Сіздерді өте қатты жақсы көремін, құрметтеймін,қадірлеймін. Сіздердің Отан алдындағы,келешек ұрпақ алдындағы жасаған ерліктеріңіз бей батырлықтарыңызды ескеріп алғыс айту үшін хат жолдап отырмын. Уақыт өткен сайын заман өзгеруде,бірақ өткен өмір тарихы мәңгі сақталуда. Неше алуан соғыс дүниені дүр сілкіндірді, бірақ екінші дүние жүзілік соғыс, қанша адамзаттың қисапсыз қасіретке ұшыратқан өлімнен мәңгілік есте қалды.
Соғыс арифметикасы-қаралы арифметика. Әрбір секунд сайын бір адам, әрбір минут сайын он адам оққа ұшып жатты.
Сіздердің алдағы уақытта да ортақ саптан қалмай ел-жұртпен бірлесіп, халқымыздың достығын, еліміздің бейбітшілігін, Қазақстан жұртының рухани бірлігін нығайту,жастарға тәрбие беру үшін қоғамда көп іс тындыра алатыңдарыңызға ел басы кәміл сенім білдіріп отыр. Мемлекет те Сізді, яғни мемлекет ардагерлерін қолдау үшін қолынан келгенін бәрін жасап жатқаныңа сенемін.
Біз, қадірлі заман ұрпақтары дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысын мәңгілік есте сақтауға және де ел бейбітшілігі үшін жанын берген ата-бабаларымыздың рухын мәңгілікке жадымыздан шығармауға ант етеміз!
«Адамзат болмаса соғыс та болмас» –деді Геродот.
Әкімжан Еркебұлан 8 «Ә» сынып оқушысы
Ардагерге хат
Құрметті ардагер аталар! Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құтықтай отырып, әжемнен естіген сұрапыл жылдар оқиғасымен бөліскім келеді.
Сонау отты жылдар.Сол жылдардағы адамдардың бір-біріне деген адамгершіліктерін,бір-біріне деген қайрымдылықтарын тек қана кітаптан немесе кинодан ғана көріп қоймай үйдегі әжемнен де көп естимін.
Әжемнің әкесі Ұлы Отан соғысына қатысып,екінші дәрежедегі мүгедек болып қайтқан кісі екен.Ол соғысқа қалай шақырылып,қалай елге оролғанын айтып отырытын,- дейді әжем.
Қарапайым қазақ ауылынан шыққан ұлы атамыз ол кезде не бәрі он тоғызда ғана екен.Бір ауыз орысша білмейтін бала жігіт әуелі Алматыда жаттығып,кейін сол жерден соғысқа аттанған.Кілең орыс жігіттерінің ішінде үш-ақ қазақ жігіті болыпты.Алғашқыда окоп қазып, қара жұмыстарды ғана орындап жүрсе керек.Келе-келе орыс тіліне үйрене бастайды.
Сөйтіп бір күні рота командирі оны «тіл» әкелуге жібереді.Берілген тапсырманы қасындағы Сергей деген орыс жігіті екеуі мүлтүксіз орындап келеді.Кейін қан майданның қақ ортасында Отаны үшін жауға қарсы шабады.Бір де қатты ұрыс жүріп жатқан.Оқ борап тұр.Бас көтертер емес.Осы кезде дәл қасынан түскен снаряд бүкіл жерді аударып тастағандай болды.Денесі зіл батпан,қанша жатқаны белгісіз,тұрайын десе аяқ жағы қозғалмайды.Ол тағы талып кетті.Көзін ашқанда көргені жер кепе үй.Темір кровать үстінде жатыр.Аузы кеуіп барады.Мен қайдамын?Жолдастарым қайда?Деген ой түсті оған.Осы кезде үйге кішкене ғана кемпір кіріп келе жатты.Солдаттың көзін ашқаның көріп,қуана жүріп өз тілінде бірдеңелерді айтқан болады.Ештеңе түсініп жатқан жоқ,әйтеуір жау қолына түспегеніне қуанды.Бұл беларусь әжей еді.Аты да есінде қалмапты.Әжей оны біраз күтіп,өзіміздің әскерлерге қосқан.Тілі де,діні де басқа әжейдің мейрімділігі мен қайрымдылығының арқасында әкем соғыста аман оралған деп айтып отырады әжем.
Мұхтарова Дана7 «Ә» сынып оқушысы
ПИСЬМО ВЕТЕРАНУ!
Здравствуйте дорогие наши ветераны! Это письмо посвящается вам в знак нашей благодарности. Огромное спасибо за то, что вы бесстрашно защищали нашу страну и народ. Нам не понять насколько тяжело было вам в те дни. Но мы прекрасно понимаем сколько сил, и отваги вам потребовалось, чтобы добиться независимого другому народу страны, вы отчаянно сражались за будущее поколение, за родную землю.
Мы помним ваш подвиг, мы знаем цену Победы и в очередной раз склоняем головы перед вашими заслугами. Мы, молодое поколение, уже не понаслышке знаем, что такое война и какого это терять близких. Вы отдали лучшие годы, здоровье, чтобы мы могли жить под мирным небом, радоваться каждому новому дню.
Дорогие ветераны! Сколько бы времени не прошло, сколько бы не изменилась наша страна, знайте, вы всегда будете в наших сердцах. И никто, и никогда не попытается запятнать ваши имена. Мы любим вас… ценим… и уважаем…
Дюсембаева Нурайлым
11 «А» класс
Пишу вам письмо, дорогой дядя Каукен-ага!.
Я вас никогда не видел, но по рассказам моих родителей, моего дедушки, Вы родной братишка моего дедушки. Вы ушли на фронт совсем молодым в 25 лет, и спустя 4 года пришло извещение о том, что вы пропали безвести. Это было большое горе для бабушки, для нас родных. Есть в Венгрии такой город Будапешт. И вот там под Будапештом Вы пропали безвести. Это значит Вы не числитесь. В списке мертвых и также в списке живых вас нет. Это вселяло надежду что вы живы и вернетесь домой после войны.
Мы горды что вы защищали Родину, воевали в таком молодом возрасте и дошли до Будапешта. Там оставалось дойти до Берлина. Почти дошли до конца войны. Прошли всю войну, через суровые испытания...
Вот прошло 69 лет и вестей от Вас так не было. Сейчас Вам было бы 94 года, у Вас были бы дети, внуки, правнуки.
Мы Вас по-прежнему ждем! Гордимся вами. Называем вашим именем своих детей, внуков, правнуков. Вы всегда живы в нашем сердце, в нашей памяти.
Қайдарова Нуршат 4 «А» класс
Дорогой мой дядя Оспан-ага!
Вот прошло уже 11 лет как Вы ушли из жизни. Я вспоминаю о вас всегда с гордостью, что у меня такой дядя.
Вы ушли на войну, когда Вам было 27 лет, вы были так молоды и вся жизнь была у Вас впереди, но выпало на Ваше поколение такое страшное испытание – война.
Но Вы прошли всю войну и на великое счастье бабушки и нас родных вернулись домой живой и невредимый. Даже страшно представить какое это было тяжёлое и суровое испытание. Но святое дело – защита Родины, было Вашим главным делом. И Вы дошли до Победы, разгромили фашистов. Как легко писать всё это на бумажном листе. Но что стоит за этим словом – Победа!
Я и мы Ваши родные, находимся в неоплатном долгу перед Вами. Низкий поклон Вам до земли. Вечная память и слава Вам, дорогой мой дядя Оспан-ага!
Маханова Меруерт 9 «Ә» класс
Письмо ветерану.
Здравствуйте, уважаемый ветеран!
Я видел вас по телевизору: вы очень счастливый. У вас много медалей. Я знаю, за этими медалями скрываются ваши подвиги. О, как я мечтаю о подвигах! Я так много читал о подвигах героев во время Великой Отечественной Войны. Да, тяжело было вам. Мне даже страшно становится, когда смотрю фильмы о войне. Но вы же выдержали всё, дошли до Берлина и видели дни Победы! Вы не боялись смотреть врагу в глаза, сталкивались с ним лицом к лицу, уничтожали их. Какой вы отважный, дорогой ветеран! Вы защищали нашу Родину! Вы спасали свой народ! Если бы вы со всеми не отправились защищать Отечество и не воевали , может быть, нас и не было бы. Низкий вам поклон за это. Не знаю, смог бы я выдержать четыре года таких мучений? Скажите, дедушка ветеран, а в наши дни можно совершать подвиги? Если нет, то как быть таким, как я? Ведь я тоже хочу быть героем? Я тоже хочу получить медали!
Если бы я был волшебником,то я вернул бы время обратно,и сделал бы так, что этой войны вообще не было в истории! Сколько людей были бы живы, работали, у них родились бы дети, внуки. Может, мы жили бы совсем в другом обществе, ведь среди нас были бы смелые и умные люди, готовые рискнуть и побеждать любые трудности.
Дорогой ветеран! Я горжусь вами. Я буду стараться, готовить себя к подвигам. Я тоже буду защищать свою Родину, своих родителей, близких. Я вам обещаю.
Ученик 7ә класса средней школы № 68 города Астана Сапарбек Куаныш.
Уважаемый ветеран!
Я благодарен Вам за то, что вы были, за то, что сражались за нашу мирную жизнь! Ваш подвиг, Вы сами навсегда останетесь в наших сердцах! Ваша храбрость и отвага стали для нас примером! Я горжусь Вами! Я бы все отдал для того, чтобы Вы были живы, чтобы услышать от вас о ваших подвигах! Да, я мечтаю стать героем, но я не хочу войны! Наша учительница говорит, что подвиги можно совершать и в мирное время. Так что у меня будет возможность показать себя. Пока я готовлю себя к подвигам: учусь хорошо, занимаюсь спортом. И еще ... пишу стихи. Одно из них посвящаю тебе:
Вы настигли все и всю,
Дощли до самого Берлина.
Показали Храбрость ,Силу,
И доказали, что мы непобедимы!
Айтуганов Темирлан, ученик 7ә класса средней школы №68 города Астана
Здравствуйте, дедушка ветеран!
Я много слышал о вас. Вы сражались за Родину, за нас. Это была смая жестокая война. Немцы убивали невинных людей, разрушали города, деревни! А вы, наши славные герои, прогнали их, защитили нашу землю. Мы очень вам за это благодарны! Я очень горжусь вами. Я всегда смотрю фильмы о войне, всегда удивляюсь, как же вы молодыми добровольно шли на войну? Вам не было страшно?
Дедушка ветеран, я тоже хочу быть героем, но не знаю как. Наверное, надо по-больше о вас читать книги, чтобы научиться быть готовым к трудностям.Пока я много чего боюсь,и мне стыдно в этом признаться.
Дорогой дедушка ветеран! С праздником Вас! Вы подарили нам светлую жизнь, и мы оправдаем все ваши надежды. Я вам обещаю!
Алпысбаев Алмас, ученик 5 «Ә» класса средней школы № 68 города Астана
Письмо ветеранам
Здравствуйте! Уважаемые ветераны! Я пишу это письмо, чтобы выразить свою благодарность, и это самое малое что я и вся молодежь может для вас сделать. Хочу сказать: Спасибо за Победу, за нашу независимую жизнь! Мы бескрайне благодарны вам. Ведь то, что мы можем сказать с гордостью что наша страна не зависема – ваша заслуга.
Не только в день Победы, а в любой другой день мы готовы прити к вам на помощь. Мы любим вас, ценим и уважаем. А так же мы обещаем вам, что никогда не забудем ваши подвиги.
И через годы и века мы будем говорить о вас как о самом сокравенном. Могу писать бесконечно как мы вам благодарны. Не хватит и миллион слов, чтобы полностью выразить свои эмоции и благодарность вам. Вы сражались за наше светлое будущее. И мы изо всех сил постараемся оправдать ваши надежды и никогда не разочаруем вас. Сложно представить, как вам было нелегко в годы Великой Отечественной войны. И никто не имеет право плохо о вас говорить, да и мы никому этого не позволим. Ваши имена никогда не забудутся. Спасибо вам!
Акрамова Талшын
11 «А» класс
Hello, dear veterans!
Thanks for that, as a child, you were standing at the machine and without a quiver in your voice repeated the immortal phrase: «Everything for the front, everything for victory! ". Thank you for what you are in the dead of winter, even after going through the terrible ordeal of captivity, came to liberate the captured city. Thanks for that , losing a loved one , you did not give up, do not lose hands; for what in your eyes burn, burn and fire will burn , the flame of hope and fear, you are not guided .
Wartime - time of grief, death and fear, but even then your heart is saved from the cold hopelessness.
You, like anyone else, known value of true friendship.
Well, support comrade in the fatal moment was at times more live ammunition. To protect the Motherland stood multinational people of the Soviet Union. People from all its ends together and produced victory, fighting shoulder to shoulder. How can sometimes then, years later, we did not have enough of this military solidarity...
Mercilessly time runs forward, and I know today you much incomprehensible alien. I am ashamed of some of the actions of our generation, we will never forgetabout you.
Sincerely,NazgulSuyn
from school №68 of Astana
Hello, dear Veterans!
I am writing to you on behalf of the generation for a brighter future where you fought so selflessly.
Listening to stories and grandparents about their childhood or adolescence military, often catch myself thinking that, when German troops invaded the Soviet Union, you were of our age. Early years of life you spent in an atmosphere of constant fear for their lives, for the lives of loved ones, for the fate of the country ... you young and beautiful, had to change shorts and sundresses on uniforms, spit and lush shag - a short haircut, weekdays and weekends - by hard work, and family home - on the dugout or trench. Daily thoughts are replaced by one single,«Everything for the front, everything for victory"
Many have not seen more in their relatives and friends, many do not return from the battlefield.
But, despite all the difficulties and hardships, we have survived, did not broken, did not give up, and did not give the country in the hands of the enemy. Yes, everyone was scared, but people are stepping over themselves struggling fought for the country, for a brighter future for their children and grandchildren.
Kowtow to you from us!
Sincerely, AigulAitpay, teacher of English
№68 school, Astana