Ешкім ұмытылмайды!
С.Мауленов атындағы №37 орта мектептің «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы және мектеп белсенділері 10 «а», 10 «ә», 10 «в», 10 «д» сыныптарының оқушылары 9 мамыр жеңіс күніне орай соғыс ардагерлерін құттықтады. Жас Ұландықтар өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп, жеңіс күні отанға деген сүйіспеншілік, ерлікпен ар–намыстың шарықтаған ұлы күні. Әр қайсысымыз сіздердің жасаған ерліктеріңіздің алдында бас иеміз – деп мереке күнімен құттықтап ыстық лебіздерін білдірді.

Ер есімі ел есінде
Ұлы жеңістің 69 жылдығына орай С. Мәуленов атындағы № 37 мектеп көптеген іс- шаралар ұйымдастыруда. Сол іс-шаралардың бірі: күн өткен сайын қатарымыздын азайып бара жатқан ардагерлермен көзі тірі кезінде тілдесіп, ерлік істерінінен естеліктер есту үшін 8 «Б» және 4 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшілері Отынбекова Меделхан және Кенжебаева Алмагүл апайларымен бірге Астана қаласында тұратын, Ұлы Отан соғысына қатысқан соғыс ардагері Едилов Ерқонды атаның шаңырағына барып, балаларымен, немерелерімен кездесіп, атаның әсерлі әңгімелерін тыңдады. Ұлы Отан соғысы басталған кезде жап-жас болған жігіттердің қазір 90-нан асып ардагер болғанын көрді. Ол кісілердің сол майдан кезіндегі ерліктерін, әрбір ұлтарақтай жер үшін қанын төгіп шайқасқан сәттерінің бәрін, елді мекендердің аттарын, командирлерінің, жолдастарының аты-жөндерін ешбір ұмытпай жадында сақтап жүргендеріне жас- жеткіншектер таң қалды. Сол аталардан естіген ерлік істерін ешбір ұмытпас үшін олар да есте сақтап, ұрпақтан –ұрпаққа жалғастыру керек екенін түсінді.
93 жастағы Едилов Елқонды ата жас ұрпаққа өзінің ерлік істерінен көп естеліктерді тебірене айтып берді. Ол кісі алғаш соғысқа 21жасында аттаныпты. 1942 жылы 15 мамырда әскерге шақырылып, барлаушылар тобында әскери міндетін атқарған. 1943 жылғы Сталинград түбіндегі қанды шайқастан аман қалып, 1945 жылы 5 мамырда Германияның Эльба қаласында ерлікпен соғысты аяқтады. Маршал Жуковтан медаль алып, соғыстан кейін 50 жыл темір жол саласында жұмыс істеп, бейбіт өмірдің қызығына тоймай өмір сүріп келеді.

Қазір балалары мен немерелерінің ортасында құрметке бөленіп, Тәуелсіз мемлекетіміздің ардақты ардагері иесі атанып жүр.
Мына суреттер Елқонды атамен әңгімелескен, дидарласқан ұмытылмас сәттерден көрініс.
Комментариев нет
Просмотров: 475