
9 Мая
2014 жылдың 6-мамыры күні Кәсіптік-техникалық колледжде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырылды.
2014 жылдың 6-мамыры күні Кәсіптік-техникалық колледжде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырылды. Колледж студенттері тақырыптық қабырға газеттерін шығарды. Қазақ халқының даңқты ұлы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы туралы деректі фильм көрсетілді. Колледж студенттері ән салып, би биледі. Қыздар колледждің ұл балаларына арнап мерекелік флеш-моб биін ұйымдастырды. Іс-шара патриотизм рухына толы болды. Іс-шараны колледждің тәрбиелік блогы ұйымдастырды.
Сонымен қатар, осы күні колледждің белсенді жастары мен студенттері Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен еңбек ардагерлері Полетаева Валентина Алексеевнаны және Попова Клавдия Алексеевнаны құттықтап, олардың үйлеріне барып қайтты. «Нұр Отан» партиясының Есіл аудандық партиялық ұйымының атынан ардагерлерге құнды сыйлықтар мен құттықтау хаттары берілді. Оларды колледждегі Бастауыш партиялық ұйымның атқарушы хатшысы Атькен Ұлжанның ұйымдастыруымен аудандық Жастар мәслихатының депутаты, 1-курс студенті Жайық Айып және 1-курс студенттері А.Пугачева мен Н.Шестакова табыстады.