Меню KDT

04.04.14ж. «Өз ісінің маманы-болашақтың кепілі » мектепішілік сайысы

      2014 жылдың 4 сәуірінде «Өз ісінің маманы-болашақтың кепілі» мектепішілік сайысы өтті.Бұл жыл сайын  дәстүрлі түрде өткізілетін іс-шаралардың бірі.


 Ондағы мақсат:мектептегі талантты жас  мұғалімдерді анықтау және педагог мамандығының мәртебесін көтеру. Сайысқа  5 жас маман қатысты. Алдын ала мектепішілік бұйрық шығарылып, ережесі және  әділқазылар алқасы  бекітілді.Сырттай кезеңінде «Мұғалім шеберлігі» айдары бойынша ашық сабақ пен тәрбие сағаттарын өткізіп, осы сабақтарға өзіндік талдау жасап отырды. «Мұғалімдік ұстанымым»,«Ұстаздық борышым ...»,«Мұғалім - бар мамандықтың бастауы» тақырыптарының біреуін таңдап эссе жазды.                          

     Қорытынды кезеңі төмендегідей тапсырмалардан тұрды:

  • Өзін-өзі таныстыру (3 мин)
  • «Менің кәсіби-әлеуметтік өсу жоспарым» презентация
  • «Ұшқыр ой» сұрақ- жауап сайысы
  • Өнер сайысы (өз өнері, қолөнер, «Мектеп өміріндегі  қызықты жағдай»   сахналық көрініс)

  Қатысушылар өздерінің жан-жақтығын көрсете алды.Жас ұстаздар өздерінің 1 жыл ішінде алған тәжірибесін көрсете білді.Сайыс тартымды өтті.Сайыстың соңында тәжірибелі ұстаз, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қ.М.Секербекова жас ұстаздарға жақсы тілекпен бірге болашақта мектептің оларға үлкен сенім артатынын білдірді.Әділқазылар алқасының атынан директордың ғылыми –әдістемелік жөніндегі орынбасары Б.С.Кожахметова барлық сайыстың нәтижелерімен таныстырып,  жеңімпаздардың аттарын атады:

ІІІ орын- Жақсыбекова Ж.М.,ағылшын тілі мұғалімі

ІІ орын-Чолпанбаева Б.Т., ағылшын тілі мұғалімі

І орын-Көбенова М.Д., қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

 Мектептің кәсіподақ ұйымының төрайымы С.М.Айтмағамбетова мен «Жас мамандар мектебінің» жетекшісі ардагер ұстаз Мукашова Сабираш сайыскерлерді  марапаттап, «Білгір жас маман-2014» лентасын сайыстың жеңімпазы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Мақпал Досанқызы Көбенованың иығына тақты.


Комментариев нет
Просмотров: 917
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 04.05.2014 в 00:00