
Ардагермен кездесу
8«Г» сынып оқушылары 8 мамыр күні Ұлы жеңіс күні қарсаңында Байкешов Разыгул ардагермен кездесу өткізді
Іс-шараның мақсаты: Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
![]() |
Мұғалімнің кіріспе сөзімен басталған іс-шара әр жүрекке жылы тиді. Оқушылар қойған сұрақтарға ардагер ата тұщымды жауап берді. Жеңіс күні! Көптен күткен күн! Барлық халық бірігіп, жауды жеңіп отан үшін ерліктерімен мерт болған қаһарман батырларымыз 1945 жылы 9 мамыр күні адамзатқа жеңіс күнін сыйлады. Жеңіс күн құтты болсын!.
![]() |
![]() |
Балалар ардагерлерге өздері дайындаған гүл шоғы мен сыйлығын табыс етті.
Комментариев нет
Просмотров: 732