
Ел үмітін ер ақтар
Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Себебі олар-өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы.
Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Себебі олар-өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Міне осы орайда мектебімізде 9 – сынып оқушылары қатысуымен «Ел үмітін ер ақтар» атты сыр сұхбат бағдарламасы желісімен жүргізілген кездесуіміз өтті. Кездесуге келген қонақ - полковник Қалдыбеков Ербол Нуркенұлы.
Өзінің өмірбаянымен толық таныстырып өткен полковник артынан, оқушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Балаларға лық толы кабинеттің ішінде маса ызыңы естілердей тыныштық орнап, аса, ыждахаттылықпен тыңдағандарына қарап «отаншылдық» сезімнің біздің оқушылардың бойында асқақ екендігін көрдік. Осындай мәнді сұхбаттың соңы оқушылар дайындаған ән, бимен жалғасын тапты.
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс тілейміз, - деген құттықтау тілектермен, алғыс сөздермен сыр сұхбат өз мәресіне жетті.
![]() |