
9-шы сынып оқушылары ҰОС ардагерлерін құттықтады
9-шы сынып оқушылары ҰОС ардагері Перегородов Михаил Николаевичті Жеңіс Күнімен құттықтады. Перегородов Михаил Николаевич және оның жұбайы Антонина Ивановна Перегородова көп жылдар бойы №3 мектеп-гимназиясында еңбек етті. Михаил Николаевич Перегородов 1921 жылы Ыссық-Көлде туған. 1941 жылы ардагер Воронеж әскери училищені бітірген. 1942 жылы ардагер – 64 дивизия 128 полкке байланыс взводының командирі болып тағайындалды. Михаил Николаевич өз жолдастарымен бірге қанды және үздіксіз шайқаста күні түні Сталинград қаласын жаудан қорғаған. 1943 жылы Сталинград шайқасы аяқталғаннан кейін, жауды жойғаннан кейін Курск доғасына аттанды. Михайл Николаевич Рессей, Украина, Молдова, Румыния, Венгрия, Аустрия, Чехословакия жерлерін босатуға қатысқан. 1946 жылы әскерден босатылып, отанына қайтып оралған. 1951 жылдан бастап 1970 жылға дейін түрлі лауазымдарда қызмет еткен. ҰОС 2 орденімен, 1 «Қызыл жұлдыз» орденімен, 1 «Құрмет» орденімен және 18 медальдармен марапатталған. 1942 жылы қазанда алған ең қымбат медалі «Жауынгерлік еңбегі үшін». Бүгінгі күні Михаил Николаевич отставкадағы полковник, 2 топтағы мүгедек. Перегородов Михаил Николаевич және оның жұбайы Антонина Ивановна Перегородова көп жылдар бойы №3 мектеп-гимназиясында еңбек етті. Михаил Николаевич әскери дайындық сабағының мұғалімі болған, ал Антонина Ивановна балаларға еңбек сабағын жүргізді. №3 мектеп-гимназиясының оқушылары үнемі ардагерлерге барып тұрады, оларды Жеңіс Күнімен, Қарттар күнімен, Отан Қорғаушылар күнімен және Мұғалімдер күнімен құттықтап тұруды ұмытпайды.
9-шы сынып оқушылары ҰОС ардагері Перегородов Михаил Николаевичті Жеңіс Күнімен құттықтады. Перегородов Михаил Николаевич және оның жұбайы Антонина Ивановна Перегородова көп жылдар бойы №3 мектеп-гимназиясында еңбек етті. Михаил Николаевич Перегородов 1921 жылы Ыссық-Көлде туған. 1941 жылы ардагер Воронеж әскери училищені бітірген.
1942 жылы ардагер – 64 дивизия 128 полкке байланыс взводының командирі болып тағайындалды. Михаил Николаевич өз жолдастарымен бірге қанды және үздіксіз шайқаста күні түні Сталинград қаласын жаудан қорғаған. 1943 жылы Сталинград шайқасы аяқталғаннан кейін, жауды жойғаннан кейін Курск доғасына аттанды. Михайл Николаевич Рессей, Украина, Молдова, Румыния, Венгрия, Аустрия, Чехословакия жерлерін босатуға қатысқан. 1946 жылы әскерден босатылып, отанына қайтып оралған.
1951 жылдан бастап 1970 жылға дейін түрлі лауазымдарда қызмет еткен. ҰОС 2 орденімен, 1 «Қызыл жұлдыз» орденімен, 1 «Құрмет» орденімен және 18 медальдармен марапатталған. 1942 жылы қазанда алған ең қымбат медалі «Жауынгерлік еңбегі үшін». Бүгінгі күні Михаил Николаевич отставкадағы полковник, 2 топтағы мүгедек. Перегородов Михаил Николаевич және оның жұбайы Антонина Ивановна Перегородова көп жылдар бойы №3 мектеп-гимназиясында еңбек етті. Михаил Николаевич әскери дайындық сабағының мұғалімі болған, ал Антонина Ивановна балаларға еңбек сабағын жүргізді. №3 мектеп-гимназиясының оқушылары үнемі ардагерлерге барып тұрады, оларды Жеңіс Күнімен, Қарттар күнімен, Отан Қорғаушылар күнімен және Мұғалімдер күнімен құттықтап тұруды ұмытпайды.