Меню KDT

Айбергенов әлемінде әлдиленді жас талант

         Төлеген Айбергенов – қазақ әдебиетінде өзіндік бет-бейнесі бар, қомақты орны бар, қазақ поэзиясына жаңашыл өрнектер мен айшық түрлер әкелген, қазақ әдебиетінің мәртебесін биіктеткен, ұлттық рухани қазынамызды әсем де әсерлі, байыпты да байсалды жырларымен толықтыра түскен ерекше талант,  ерекше ақын.

         Мектебімізде қалалық Т.Айбергенов оқулары жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Байқаудың мақсаты – ақындық өнерді меңгерту, жас ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу.

Биыл бесінші рет өтіп отырған байқау өз деңгейінде ерекше, әсерлі өтті. Қонаққа ақынның қызы -Айнар Төлегенқызы, ақын, драматург, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Серік Тұрғынбекұлы, елімізге белгілі композиторлар, білім басқармасының әдіскерлері келіп, әділқазылық білдіріп, байқаудың сәнін аша түсті.

  Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озып, аудандық кезеңнен  алға суырылып шыққан  3 номинация бойынша 40-қа жуық жүйріктер қазылар алқасының алдында бақтарын сынады. Байқау үш кезеңнен өтті. Қатысушылар бірде ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып жатса, бірде әндерін құйқылжыта орындап, ақын рухымен сырласып,  арнау жырларын жариялап жатты.

         Тартысты өткен бәйгеде мектебіміздің туын Нәсір Айзере бұлбұл даусымен әндетіп 1-орынды иеленсе, Мукатова Айда ақынның 50-ге жуық өлеңін мүдірмей жаттап, 2-орынды қанағат тұтты.

        Мектеп залы лық толып, кеш соңында аңыз адамдармен естелікке суретке түсіп, арқа-жарқа болып тарқасты.

«Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты, Мен өлемін өзімнің биігімде!» деп ақынның өзі жырлап кеткендей, ол әлі де сол өзі айтқан биігінде тұр. Ақынның мол мұрасы оқырман қауым көңілінде мәңгілікке қала бермек.

Теги:  alda,

Комментариев нет
Просмотров: 696
Автор: 66mektep
Сайт: www.66.astana-bilim.kz
Добавлено: 29.04.2014 в 00:00