Меню KDT

Жаңаша оқыту - заман талабы.

          Білім беру мазмұнын  жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту -  бүгінгі күннің талабы. Қазіргі таңда оқу-тәрбие  үрдісінде педагогикалық технологиялар кеңінен қолданылуда.  Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан -жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Осыған орай биылғы, яғни 2013-2014  оқу жылында Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен үш мектеп, бір балабақша «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының тәжірибе алаңы болып бекітілген.  Нәтижесінде, биыл мектепте 1-5 сыныптар аралығында 9 сынып бірнеше пәндерден тәжірибе алаңына енгізілді. Ғылыми жетекші Нұрша Алжамбайқызы алғашқы күннен бастап пән мұғалімдерімен де, ата-аналармен де технологияның оқу үрдісіндегі тиімділігін жете түсіндіре отыра тәжірибе алаңының жұмысын  қарқынды бастап кетті.

       2014 жылдың 23 сәуірі күні мектебімізде қалалық Білім бөлімінің әдіскері Нүсіпжан Жеңіскүл Темірханқызының ұйымдастыруымен қала деңгейіндегі «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы сапалы білім берудің жолдары» атты қалалық семинар  өткізілді. Семинарға қалалық Білім басқармасының әдіскерлері мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты  мамандары және  қала мектептері мұғалімдері, ата-аналар қатысты. Семинар жоспары бойынша №4 мектеп-гимназияның, №8 мектептің, №66 мектеп-лицейінің тәжірибе алаңындағы сыныптары өз білімдерін ортаға салды.

Атап айтқанда, №71 «Мөлдір» бала-бақша бүлдіршіндерінің балапан болып, мың бұралып билеп, әр дыбыстарға талдауы семинарға қатысушыларды таң қалдырды. №66 мектеп-лицейінің  1 «Н» сыныбы мұғалімі К.Досатаеваның оқушылары  ана тілі пәнінен, №8 орта мектептің 3 «Б» сыныбы мұғалімі  Г.Аужанованың  оқушылары математика пәнінен, 3 «В» сыныбы мұғалімі Д.Баязованың оқушылары  дүниетану пәнінен сатылай кешенді талдау үлгілерін көрсетті. №66 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі С.Толеубаеваның, ағылшын тілі  мұғалімі Г.Керімбаеваның оқушылары  және  №4 мектептің оқушыларынан құралған топ оқушылары үш тілде тілдік материалды сатылай кешенді талдай отыра технологияның ерекшелігін көрсете білді.  Берілген сөздерді ағылшын тілі және орыс тілдерінде аударып, синтаксистік, фонологиялық, фонетикалық  талдау үлгілерін ғылыми тұрғыда талдап көрсетті.  Көрермен тарапынан берілген тапсырмаға оқушылар  жүйелі түрде жауап беріп, семинарға қатысушылардың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы туралы пікірін құптай түсті.  Семинардың екінші бөлімінде шеберлік  сыныптары көрсетілді. Математика, дүниетану пәндерін оқытудағы  «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының рөлі бойынша пән мұғалімдері сөз алды. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы  оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениеттерін арттырып, шығармашылық ойлауға дағдыландыратынын дәлелеп көрсетті.

     Технология  авторы  Нұрша Оразахынова: «Сатылай кешенді талдау – ұлттық құндылығымызды бағалай білуге, оның білім көкжиегінде кең таралуына ықпал етіп күнделікті өмірде қолданылу аясын жақсартуға бағыттайтын оқыту»- деп ой түйіндеуі өте орынды. Бұлай дейтініміз, бұл әдіс арқылы білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен шектелмей, баланың жалпы тұлғалық дамуына ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесім табуына да септігі мол.  Бұл  талдау арқылы оқушылар ана тілінің қадір - қасиетін бағалай білетін тұлға болып шығатынына сенеміз.

Теги:  nursha,

Комментариев нет
Просмотров: 972
Автор: 66mektep
Сайт: www.66.astana-bilim.kz
Добавлено: 28.04.2014 в 22:16