Меню KDT

ЭКСПО – 2017 көрмесіне Жастар үлесі

Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Сондай тарих бетінің бір парағы EXPO-2017 көрмесі болмақ. Біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Қазіргі таңда ел болып, бір жұдырыққа жұмылып, көрмеге қызу дайындық жургізудеміз. Әсіресе, еліміздің жалындаған жастары мүмкіндігінше өз үлестерін қосып келеді.

Оған дәлел, 2014 жылдың 26 сәуір күні Астана қаласы  мектептерінің    9 – 10 сынып оқушылары арасында Қазақстанның дамуы үшін «ЭКСПО – 2017»  және  «Жасыл экономика» тақырыбында олимпиада өтті. Байқау мақсаты қатысушылардың білімі мен ғылымын сарапқа салу болды.  Олимпиада   3 турдан тұрды.    Олимпиадаға Астана қаласының 27 мектебінен 71 оқушы қатысты.  Үшінші деңгейге 2 турдан (1 тур 50 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы, 2 тур билет сұрақтарына жауап беру)  жоғары ұпай жинаған 22 оқушы іріктеліп алынды.  «ЭКСПО – 2017 Астана ҰК» АҚ және «Жасыл экономика»  мен G – Global» ОЮЛ  дамыту Коалициясы ұйымдастыруымен финалға шыққан 22 оқушы 30 сәуір күні өздерінің «Жасыл экономика» тақырыбындағы жобаларын арнайы комиссия алдында қорғады.

         Мектебіміздің жас ғалымдары  9 «б» сынып оқушысы Маукен Жанель « Күн қуатымен қозғалатын көлік»,   10 «г» сынып оқушысы Үмбетәлі Ернар «Пластик  қалдықтарын қайта өңдеудің жаңа әдістері»  тақырыбында жобаларын қорғап, мақтау қағазымен және арнайы сертификатқа ие болды. Жас ғалымдарға  сәттілік тілей отырып, жеңістен жеңіске жете берулеріне тілектеспіз.

Теги:  exspo,

Комментариев нет
Просмотров: 628
Автор: 66mektep
Сайт: www.66.astana-bilim.kz
Добавлено: 29.04.2014 в 00:00