Меню KDT

Astana Piano Passion концертты

Astana Piano Passion байқауында  концертке біздің мұғалімдер барды.
Концерт есімдері әлемге әйгілі жас дарынды музыканттардың қатысуымен өтетіндіктен ерекше. Фортепианода Шуан Ерн Ли (Австралия, 10 жас)  Бірінші сыйлықтың лауреаты, Варвара Кутузова (Ресей, 10 жас) - Бірінші сыйлықтың лауреаты, Илья Бахтин (Ресей, 17 жас) - Гран при иегері өнер көрсетеді, арнайы шақырылған қонақ Руслан Турунтаев (Қазақстан, 15 жас) скрипкада ойнайды.


Astana Piano Passion байқауында  концертке біздің мұғалімдер барды.
 

 Концерт есімдері әлемге әйгілі жас дарынды музыканттардың қатысуымен өтетіндіктен ерекше. Фортепианода Шуан Ерн Ли (Австралия, 10 жас)  Бірінші сыйлықтың лауреаты, Варвара Кутузова (Ресей, 10 жас) - Бірінші сыйлықтың лауреаты, Илья Бахтин (Ресей, 17 жас)  Екінші сыйлықтың лауреаты, Александр Кутузов (Ресей, 17 жас) - Гран при иегері өнер көрсетеді, арнайы шақырылған қонақ Руслан Турунтаев (Қазақстан, 15 жас) скрипкада ойнайды.

Астанада ерекше концерте аясында жас пианисттер Э.Григ, Р.Вагнер, Ф.Лист, Р.Шуман, С.Рахманинов және басқа композиторлардың танымал шығармаларын орындады.

Концертке қатысушылардың бірі Варвара Кутузованың айтуынша, байқауға қатысушы емес, әртіс ретінде келу  үлкен жауапкершілік. «Бізді шақырғандарына қуаныштымын. Астана  ғажайып қала! Жарқыраған ғимараттар орналасқан таза көшелер, мұндай қалада әлі болмаппын. Бұл ертегідегідей қала», - дейді Варвара.

Шуан Эрн Ли де өзінің әсерлерімен бөлісті. Ол бірінші байқаудың ұнағанын, қатты әсер қалдырған қонақжайлылықты, сондай-ақ шараның өте жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті. «Бұл әуежайға қонған сәттен бастап, кеткенге дейін жоғары дәрежеде қызмет көрсетілген байқауға қатысушы ретінде ең жақсы өткізген алғашқы сапарым. Мұны ешқашан да ұмытпаймын. Байқаудың көркемдік жетекшісі Денис Мацуевпен жеке танысу баға жетпес тәжірибе болып табылады. Ол қарым-қатынас кезінде және сахнада бірден білінетін харизмасы бар дара тұлға. Мейірімді, әзіл-оспақты түсінетін қарапайым адам. Бірінші байқауға қатысып, сахнада Денис Мацуевпен өнер көрсеткенімді абырой санаймын»,  - деді Шуан Эрн Ли.

 


Комментариев нет
Просмотров: 353
Автор: 19mektep
Сайт: www.19.astana-bilim.kz
Добавлено: 11.05.2014 в 10:27