
«Жігіт сұлтаны-2014»
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебімізде «Жігіт сұлтаны-2014» сайсы өтті. "Сегіз қырлы бір сырлы" жігіттеріміз өздерін жан-жақты көрсете білді.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебімізде «Жігіт сұлтаны-2014» сайсы өтті. "Сегіз қырлы бір сырлы" жігіттеріміз өздерін жан-жақты көрсете білді.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды. «Мен, мен едім, мен едім» кезеңіндеқатысушылар өздерін таныстырып өтті. Сонымен қатар, "Жігітке жеті өнер де аз" кезеңінде жігіттер ән айтып, би билеп және де басқа шығармашылық таланттарын паш етсе, «Салауатты өмір салтымыз» кезеңінде спорт түрінен өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, "Мақал-мәтелдер» кезеңінде оқушылар мақалдарды жақсы білетіндігін көрсете алды. Осы сынға түскен 7 жігітіміз білімі мен өнерін, спортқа бейімділігі мен шеберлігін шыңдау мақсатында сайысқа қатысып, 10 «А» сынып оқушысы Қаратаев Мирас "Жігіт сұлтаны" атағына ие болып,алғыс хатпен, сыйлықпен марапатталды. Сонымен қоса
І орынға 10 «Ә» сынып оқушысы Жұматаев Нұржан иеленсе, ІІ орынды 9 «А» сынып оқушысы Жұмабай Нұрсәт, ал ІІІ орынға 8 «А» сыныптың оқушысыЕрмағанбетов Әділбек қол жеткізді. Бұл оқушылардың барлығы мектеп директорының алғыс хатымен және сыйлықтармен марапатталды.
Ал 8 «В» сынып оқушысы Нұрбаев Ерсайын «Өнерлі жігіт» номинациясына ие болса, 8 «Ә» сынып оқушысы Төлеуғали Алишер біліктілігімен көрермендердіңкөзіне түсті. «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясына 8 «Б» сынып оқушысы Дадамат Ерсултан ие болды. Сайыс соңында оқушылар директордың алғыс хатымен марапатталып, сыйлық пен көрермендердіңқошаметіне бөленді.
«Жігіт сұлтаны-2014» сайысы
"Сегіз қырлы бір сырлы" жігіттеріміз
Қаратаев Мирас, тәрбие орынбасары И.А.Разиева

ІІ орын иегері 9 «А» сынып оқушысы Жұмабай Нұрсәт