
«ЖАС ҰЛАН» балалар және жасөспірімдер ұйымы қатарына кіру салтанатты жиыны өтті.
2014 жылдың 15 ақпанында (сағат 13.00-де) мектебімізде республикалық бірыңғай «ЖАС ҰЛАН» балалар және жасөспірімдер ұйымы қатарына кіру салтанатты жиыны өтті. Қатарға өту рәсімін мектебіміздің І және ІІ ауысымының өзін өзі басқару органының президенттері Исламов Бейбарыс, Тауыпалды Ақмарал және І ауысым «ЖАС ҰЛАН» белсенділері ұйымдастырып өткізді. «ЖАС ҰЛАН» қатарына 7 сыныптардан белсенділер мен оқуды тек қана «5» деген бағаларға оқитын оқушылары (барлығы 50 оқушы) іріктеліп алынды. Жиынның жүргізушілері: Қазбекова Бекзада, Қайратбекұлы Аңсар. Жауапты ұйымдастырушылар: директордың ТІЖО Г.А. Жупкалиева, педагог-ұйымдастырушы Нүрсеитов Н. және «ЖАС ҰЛАН» ұйымы тәлімгері Қуантқан Х. Қатарға 54 оқушы өтті. Жиынымыздың құрметті қонақтары:
1. Мектеп директоры – Дүйсенова Күнімхан Смағұлқызы.
2. ІІ ауысым оқу ісінің меңгерушісі – Сағындықова А.Ж.
3. Мектебіміздің АӘД мұғалімі, ұйымдастырушы педагог, майор Тұржанов М.З.
4. Директордың ТІЖО Ғ.Қ. Ысмаил.
5. Директордың ТІЖО Г.А. Жупкалиева.
6. Мектебіміздің әлеуметтік-педагогі Смагулова Г.И.
7. «Сұңқар» ұлдар клубының кураторы Томпышев Б.Қ.
8. 5-6 сыныптардың сынып жетекшілері.
Жиында салтанатты түрде ҚР мемлекеттік ту кіргізіліп, ҚР мемлекеттік гимні, «ЖАС ҰЛАН» ұйымының гимні шырқалды. 6 «Ә» сынып оқушысы Ерасылдың орындауында « Жас Ұлан» әні әсем шырқалды. Келген қонақтар жасұландықтарға құттықтау сөздерін айтып, жас патриоттардың қоғам өміріндегі ролін, Отан алдындағы борышын атап өтті.