Меню KDT

«Мен және Әлем» атты көрме-жәрмеңке

Астана қаласындағы №42 орта мектебінде технология пәні мұғалімі жас маман Сегизбаева Раушан Берікқызының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 19 наурыз айында Ұлыстың Ұлы күні Әз Наурызға арналған «Мен және Әлем» атты көрме-жәрмеңке өткізілді. Көрме-жәрмеңкеге оқушылар технология пәнінде жасаған қол жұмыстарын, әр түрлі бұйымдарын өткізді.
Көрме-жәрмеңкенің заттары мерекеге келген қонақтарға, ата-аналарға, ауыл адамдарына қолжетімді бағада сатылды.
Бұл көрме-жәрмеңкеден түскен қаржы балалар мерекесі күні жетімдер үйіндегі балаларға сыйлықтар жасау үшін пайдаға асады.


Астана қаласындағы №42 орта мектебінде технология пәні мұғалімі жас маман Сегизбаева Раушан Берікқызының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 19 наурыз айында Ұлыстың Ұлы күні Әз Наурызға арналған «Мен және Әлем» атты көрме-жәрмеңке өткізілді. Көрме-жәрмеңкеге оқушылар технология пәнінде жасаған қол жұмыстарын, әр түрлі бұйымдарын өткізді.
Көрме-жәрмеңкенің заттары мерекеге келген қонақтарға, ата-аналарға, ауыл адамдарына қолжетімді бағада сатылды.
Бұл көрме-жәрмеңкеден түскен қаржы балалар мерекесі күні жетімдер үйіндегі балаларға сыйлықтар жасау үшін пайдаға асады. Ал өзге адамға жәрдемдесу кез келген жанның парызы. «Мен және Әлем» атты көрме-жәрмеңкеге оқушылар белсенді түрде атсалысты. Олар бұл жәрмеңкеден түсетін қаржы қайырымдылыққа жұмсалатынын біліп, жүздері нұрға толып мұғалімге жәрдемдесті.


 

Теги:  «Мен және Әлем» атты көрме-жәрмеңке,

Комментариев нет
Просмотров: 495
Автор: urazalinova
Сайт: www.bilim-astana.agartu.kz
Добавлено: 26.03.2014 в 00:00