
1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде «Шырқа, достар» тақырыбында мектепішілік достық фестивалы болып өтті.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын түсіндіру...
Тақырыбы: Достығымыз жарасқан- мәңгілік елміз.
Мақсаты:
v Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын түсіндіру.
v Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
v Басқа ұлттардың мәдениетін, әдеп-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, шарлар, ленталар, ұлттық киімдер, әндер, билер, тақпақтар.
«Шырқа, достар» тақырыбында мектепішілік достық фестивалында орта буын сыныптары өз өнерлерін би және әндерін көрсетті.
. Іс-шараға 7 сыныптар жауапты болды. Тәрбие жұмысы оқушылардың қызығушылығы мен жауапкершілігін арттырды.
Сынып өнерпаздарының ән ,би өнерлерін тамашалай келіп, жетістіктері атап өтілді.
Би элементерін пайдаланып, ұлттық костюммен билеген сыныптар: 6а, 7ә, 5в, 7г, 5а, 6б
Грузин , украин (Полька), өзбек, үнді, қазақ (Қара жорға) билері орындалды.
Ән айтуда жақсы өнер көрсеткен оқушылар:
5 «Ә» сынып оқушысы ағылшын тілінде ән орындаған Аканова Ажар , «Қазақ елі» әнін 6 б сынып оқушысы Зотке Ангелина, 7 в сынып оқушысы Жаңбырбай Майра өнерлері жоғары бағаланды.