Кемел ойдың кемеңгері
Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектепте академик Әлкей Марғұланның 110 жылдық мерей тойына арналған «Мақтанышы елімнің» жас ақындар сайысы, «Кемел ойдың кемеңгері» зияткерлік сайысы,
«Әлкей Марғұлан мұрасы-ұлттың рухани байлығы» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция жоспарланған.
«Мақтанышы елімнің!» атты жас ақындар мүшәйрасына 24 жас ақын қатысып, бақтарын сынады. Байқауға Қазақстан Жазушылар, Журналистер одақтарының мүшесі, ақын Бақытжан Тобаяқов, Қайымтанушы, Елордалық Марғұлан мектебінің директоры Ербол Іргебай, педагог-ақын Бекмұрат Өмірбек қазылық жасады. Нәтижесінде Бас жүлдені № 4 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Төлепберген Д. қанжығасына байласа, І орынды № 51 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Қосылбекова М., ІІ орындарды № 40 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Хамит Ә. мен № 67 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Асқар Ә. бөлісті. ІІІ орынды № 68 мектебінің 5 сынып оқушысы Өтегенова Т., № 50 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Урустембек А., № 53 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Шәдібек А. иеленді.

«Кемел ойдың кемеңгері» зияткерлік сайысының мақсаты: Өскелең ұрпақты ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның өмірімен ғылыми қызметінің негізгі кезеңдерін терең меңгеруге зерттеуге ынталандыру.
Зияткерлік сайысқа 30 дан астам мектептен 8 мектеп топтары іріктеліп қатысты.
Турнирдің І кезеңі: «Өнегелі өмір жолдары»
ІІ кезең: «Әлкей Марғұлан және әйгілі тұлғалар»
ІІІ кезең: «Ғалымның ойы ортақ»
ІҮ кезең: топ басшылар сайысы «Шешендік өнер»
Турнир барысында қатысушылар төмендегідей нәтижелер көрсетті.
І орын № 50 мектеп- лицей
ІІ орын Дарынды ер балаларға арналған қазақ - түрік лицейі,
№ 70 мектеп лицей
ІІІ орынды №68 орта мектеп тобы, № 2 мектеп –гимназия, №58 мектеп-гимназия топтары иеленді.
Автор: sanzhar_e
Добавлено: 14.05.2014 в 00:00