Меню KDT

Ардагерге хат





       Өз басым соғыс туралы кітаптардан оқып, ардагер аталардың айтқан әңгімелерінен естігенім бар. Соғыстың не екенін білмей  бейбіт те бақытты күн кешіп жүргенім осы ардагер аталарымыздың , соғысқа барып қайтпай қалған жауынгер ағаларымыздың арқасы. Міне, Жеңіс күні де аталып өтті. Осы Ұлы мереке Жеңіс күніне арнаған шығармамды өткен жазда ауылға барған кезде ауыл қартынан естіген, ауылдағы жараса, жайқалып өсіп тұрған қос қайың тарихына арнағым келді.
      Ауыл мектебі. Мектептің алдындағы орындыққа барып отырып, маңайыма көз жүгірттім. Аспан шайдай ашық. Шығыста күн шапағымен бар  дүниені нұрландырып, күн көтеріліп келеді екен. Менің назарымды мектеп алдындағы биік өскен қос қайың еріксіз аударады. Ақ торғын діңдерінің жуандығы да, сұңғақ бойлары да бірдей.
      Жасыл алқа таққан бұтақтары баяу соққан  желмен еркін тербеледі. Жел желпіген сайын моншақ жапырақтар сыбдырлап ән салғандай. Ойым «Айналайын қызым, сен кімнің баласысың?»- деген дауыс бөліп жіберді. Қарасам, Қайрат атам екен. Жалма-жан тұрып амандастым.  «Е,сен Жұмабектің немересі болдың ғой, бұл қайыңның тарихын атаң саған айтып беріп пе  еді?»-деді. Мен атам қайтыс болғанда небәрі  үш жаста болғанымды айтып, әңгімесін айтып беруін өтіндім.
     Неміс фашистерінің елге ойран салғанына екі жыл болатын. Ол кезде осы мектептің орнындағы жатаған үйде сабақ оқитынбыз. Сабақты Тұрғаш деген шалдың екі баласы Әли мен Қали ағайлар береді. Бір күні ұстазымыз Әли мен Қалиға да әскерге шақыру қағазы келді. Бұл хабар қос ұланның анасына жеткенде: «Шырақтарым-ай, құлындарым-ай...» Сұм соғыс қос қарашығымды сөндірейін деді ме?-деп аңырап қоя берді.  Ертесіне сабақ болған жоқ. Мұғалімдерімізді ауданға апаратын жолға дейін шығарып салдық. Мектеп жабылды. Балалар күнде ертемен астық жинауға бара жатып, мектеп жанынан өтеміз. Әр өткен сайын мектебіміз маған күлімсіреп тұрғандай болады. Бірде өзіме ыстық мектеп үйіне жақындағанымда, тосын көрініске тап болдым. Мектеп алдында Тұрғаш атай әлдененмен айналысып жүр. Аңдасам, осы қайыңдарды отырғызып жатыр екен. «Тоғайдың ішінен таңдап әкелдім. Әдемісін қарашы, балам... Қос құлыным келгенде көктеп тұрсын,»-деді ол.  Қария балғын қайыңдарды баласындай мәпелеп күтті. Келесі көктемде сол желектер бүршік жарып, жапырақ жайды.
    Соғыс аяқталды. Елге солдаттар орала бастады. Бірақ олардың ішінде біздің қос ұстазымыз жоқ еді. Хабар-ошарсыз қос ұлын сарыла күткен қос қария жылдар өткен сайын жүдей берді. Екеуі де еңселерін қу таяққа сүйеп, сұңғақтана өскен қос қайыңға жиі-жиі келіп, үн-түнсіз ауыр мұңға батып отырады да, үйлеріне қайтады. Бірде біздің мектепті бұзып, орнына жаңасын тұрғызбақшы болды. «Жобаға қайшы»- деп, қайыңдарды  кесуге келген құрылысшыларға қарсы тұрдық. Бұл ісімізге қариялар риза болып, көздеріне жас алды.
    Осылайша жылдар өтіп жатты. Өзектері өкінішке толған қос қария хабарсыз кеткен қос құлыным келіп қала ма дегендей, артына қарайлай-қарайлай дүниеден өтті.  «Күнде осы қос қайыңды көргенде, сонау балалық шақты еске аламын. Кейде кейінгі егілген желектер сол жылдардағы біздер ғой деп ойлаймын,-»деп Қайрат ата орнынан ауыр күрсініп, тұрып кетіп қалды.
Сол жерде « осындай бейбіт өмірді сыйлаған, елін, жерін қорғаймын деп аттанған соғыс ардагерлерінің ерен ерлігі мен жігері бізге үлгі-өнеге ғой. Ұрпақтан-ұрпаққа  жыр болып жететін ерліктеріңіз бен есімдеріңіз ешқашан ұмытылмасын! Ешқашан соғыс болмасын!» деген ой құшағында отырып қалдым.
                                                                        Жұмабек Ғайни. 7 «А» сынып оқушысы


Ардагер атама хат

Құрметті ата! Сізге хат жазып отырған немереңіз-Аяжан  Күн нұрын аямай жер бетіне жарығы мен  жылуын төгіп тұр. Әсем гүлдер жайқалып өсіп тұр. Осындай бақытқа жеткізген сіздей батыр жандар!  Болашақ, ұрпақ үшін жаулармен шайқасып, қолыңызға қару алып батылдық көрсеттіңіз. Соғыс кезінде әйелдер сүйген жарынан, аналар балаларынан, балалар әкелерінен айырылды. Адамдардың барлығы соғыстың ащы дәмін көрді. Осының бәріне қарамастан, өздеріңіздің патриоттық сезіміңізді көрсеттіңіз. Сіздің майданда жасаған ерлігіңізді есте сақтап, құрметтейміз. Сіздер өлім себуге келген  жауларды жеңе отырып, бізге өмір сыйладыңыздар. Бізге ашық аспан астында жарқын өмір сыйладыңыз. Сондықтан да мен сізді өмірімнің соңына дейін мақтан тұтамын. Деніңіз сау болсын! Сізге мың да бір алғыс айтамын. Хат жазушы-сізді құрметтейтін Аяжан.  
                                                                       Едігенова Аяжан 7 «В» сынып оқушысы.




Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері!

 Мен сіздерге Отан алдындағы жасаған ерліктеріңізге алғыс айту үшін осы хатты жазып отырмын. Мен сіздердің Отанымыз бен ұрпақтарыңызды сақтап қалу үшін жасаған ерліктеріңізді мақтан тұтамын! Міне, сіздер жанталасып соғысқан күннен бері 69 жыл өтті. Уақыт шынында да зымырап өтіп жатыр. Көбісі майданнан үйлеріне оралмай, ерлікпен Отан алдындағы борышын орындап,елге оралмады. Оларға айтар алғысым шексіз. Білемін, сіздерге қанша алғыс айтсам да аздық етеді. Біз өмірімізбен сіздерге қарыздармыз! Қаншама адамдардың қаны төгіліп, жан беріліп жеткен бұл күнді біз әр жылдың тоғызыншы мамырында атап өтеміз. Сіздерге өмір бойы басымды иіп, тағзым етуге дайынмын.    Біз, қазіргі заман ұрпақтары, дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысын мәңгілік есте сақтауға және де ел бейбітшілігі үшін жанын құрбан еткен ата-бабаларымыздың рухын мәңгілікке жадымыздан шығармауға ант береміз!
                                                                        Қасымбекова Тоғжан 7 «В» сынып оқушысы





         Құрметті ардагерлер!

  Міне, Жеңіс күніне 69 жыл. Бір жағынан соғыс бітіп, жеңіс туын желбіреткен күн болғанына қуанамын, бір жағынан сол сұрапыл соғыста жоғалтқан қазақ азаматтарымызды ойыма аламын. Өмір деген қатал! Отанды  сүю - әркімнің парызы, бірақ кез келгеннің қолынан келе бермейді.  Соғысқа аттану үшін қандай батылдық пен патриоттық сезім керек, себебі соғысқа аттану-өміріңді алдын ала қию деген сөз. Қазіргі кезде бақытты өмір кешкеніміз, ардагерлер, сіздердің арқаларыңызда. Сізді есіме алсам, қазақ болып туғаныма мақтанамын. Сіз біздің абыройымызды көтеріп, ерлікке жетелеген ірі тұлғасыз.     Біз сіздерді құрметтеп, қадірлеп өтеміз. Мен бақытты балалық шағым үшін сіздерге шын жүректен алғысымды айтқым келеді. 
                                                                       Базарбаева Аружан 7 «В» сынып оқушысы

Бар даланың даңқысың —

Балауса гүл, балғын қыз.

Жанын қиып халқы үшін,

Жанып түскен ақ жүлдыз.

 

Бірге соқсын дүрсілдеп,

Туған жермен жүрегің.

Атың жүрсін есте деп,

Әнге қосып тұр елің.

 

Аямас ек асылды,

Не жасармыз біз артық...

Сенің қыршын жасыңды

Жүрміз солай ұзартып...

 

 

     Аталар ерлігі- балаға мұра. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Қаншама Кеңес адамы сан соғыста мерт болды. Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Ол лейтенант шенінен бастап, полковник атағына дейін көтерілді, взвод, батальон, полк және дивизияны басқарды. Соғыс-адамзат өмірінің трагедиясы. Мазасыз сол күндерде Б.Момышұлы басқарған бөлімшелердің жау шабуылын қайтарып көрсеткен ерліктері аз емес. «Найзадан қолым босаса, қалам алдым, толғанып, оқиғаны көп ойладым. Тырмысып әл келгенше көргенімді жалтақтамай, именбей, ашық жаздым». Осылай жырлай отырып, өзінің көптеген ерлікке толы, тәрбиелік мәні зор шығармаларын жазды.

     Ата, біз сізді ұмытпақ емеспіз. Біз сіздің адами қасиеттеріңіз бен ерлігіңізді, еңбегіңізді ұрпақтан ұрпаққа жалғастырамыз.
                                                                      Қадыр Ақерке 7 «А» сынып оқушысы



Қадірлі ардагерлер!

     Елімізде жыл сайын аталып өтетін мереке Жеңіс күні ардагер аталарымыз үшін ерекше күн. Сіздер қазіргі еліміз үшін бастарыңызды қатерге тіктіңіздер. Сондықтан сіздерге деген алғысым шексіз.  Сіздер сияқты қаһарман жауынгерлері бар Отанымыздың болашағы зор .     1941 жылы болған шайқаста ата-бабамыз қан төкті. Алайда сіздер барлық қиындықтарға шыдап, қазақ халқының даңқын көтеріңіздер. Сіздер сияқты ардагерлеріміз қазіргі жастарға  патриоттық сезім ұялатады. Сіздерді көріп өскен біздер болашақ      Қазақстанымыздың мақтанышы боламыз. Сіздер де әлі бізді көріп қуанасыздар деген үміттемін     Қазіргі кезде ардагерлерімізге жоғары дәрежедегі құрмет көрсетіліп жатыр. Мен де өткен жылы сіздерге барған едім. Сіздерге арнап ағаш отырғызып, көмек көрсеткен балаларға бата берген едіңіздер. Біз де оған қуанып кеткеніміз әлі есімде.     Сіздерге өзімнің атымнан ғана емес, бүкіл достарым мен таныстарымның атынан алғыс айтқым келеді.
                                                                        Мамаділ Зере 7 «А» сынып оқушысы

 



Комментариев нет
Просмотров: 1846
Автор: ktl2mektep
Сайт: www.ktl-girls.astana-bilim.kz
Добавлено: 14.05.2014 в 17:32