
Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс
Кездесу кешінің мақсаты:
- Оқушыларды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру;
- Оқушыларды Ұлы отан соғысымен, қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту;
- Жасөспірімдерді үлкендерді сыйлап, құрметтеуге , оларды қадірлеуге тәрбиелеу;
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 69 жыл жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Осыған байланысты қаладағы №49 орта мектептің 10 «Ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Оразбаева Жамал Тәкенқызы және 10 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Абилмаканова Батима Сағынтайқызы Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ауданымыздың құрметті азаматтары Айтжанов Құрмантай атаймен және Зубенко Николай Константиновичпен үйлеріне барып кездесу ұйымдастырдық, ескерткіш сыйлығымызды табыс еттік.
Ұлы Отан соғысының ардагері, жерлес қарт, майдангер – Айтжанов Құрмантай атамыз соғыс басталған жылы 21 жаста болған екен. Ол өзінің жауынгерлік жолын 1941 жылдың шілде айының басында Ресейдің Брянскі тоғайындағы майданнан бастап, Станлиград түбіндегі шайқаста аяқтаған. Сонау 69 жыл бұрын сұрапыл соғыс кезін есіне түсіріп әңгімелеп берді.Ал қазіргі күні өзінің балалары мен шөберелерінің арасында бақытты өмір кешіп жатыр.
Ұлы Отан соғысының ардагері Айтжанов Құрмантай ата
Ұлы Отан соғысының ардагері Айтжанов Құрмантай ата оқушыларға батасын берді
Сонау сұрапыл соғыстың алғашқы күндерінен-ақ Кеңес халқы жан-тәнімен Отанды қорғау жолында ештеңені аянбады. Әрбір ауыл, әрбір қала болып кескілескен майдан ортасында жүрді. Нәсілге, ұлтқа, дінге бөлінбей барша кеңес халқы болып неміс басқыншыларына қарсы тұрды. Елін, жерін азат ету үшін көптеген қазақ солдаттарыда майдан шебіне шықты. Әсіресе көп орыс халқынан жас жауынгерлер жүрегіндегі «Отаным» деген ұранмен шықты. Солардың бірі 22 жасар жас Зубенко Николай Константинович болатын. Сұм соғыстың 4 жыл арасында Сталинград түбіндегі шайқасқа, Курск шетіндегі алапат шайқасқа қатысып, 9 жыл дегенде әрең ауылына оралады. Қазірде Астана қаласының құрметті тұрғыны.
Ұлы Отан соғысының ардагері Зубенко Николай Константинович
Ұлы Отан соғысының ардагері Зубенко Николай Константинович өзі жайлы, соғыс жайлы әңгіме айтып берді.
Ұлы Отан соғысының ардагері Зубенко Николай Константиновичке құрмет көрсетіліп сыйлық табыс етілді.
Осылайша, біздің оқушыларымыз Ұлы Отан соғысы кезіндегі сұрапыл жылдардағы болған оқиғаларды ардагерлермен сұхбаттаса отырып, олардың ерлік істеріне тәнті болды.