Меню KDT

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Автомеханик»

2014 жылдың 14 мамыры күні  Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледж» КММ-де Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Автомеханик» қалалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.


2014 жылдың 14 мамыры күні  Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледж» КММ-де Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Автомеханик» қалалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.Кәсіби шеберлік байқауына  қаламыздағы «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»  мамандығы бойынша кадрлар дайындайтын Политехникалық колледж, Құрылыс-техникалық колледж, Көпсалалы колледж және Кәсіптік-техникалық колледждің студенттері қатысты. Байқауға қатысушылар қалалық Білім басқармасы бекіткен Ережеге сәйкес екі деңгейден тұратын тапсырмаларды орындады. Байқауға қазылық жасау үшін қаламыздағы іргелі кәсіпорындар – оқу орындарының әлеуметтік серіктестері «№ 1 Автобус паркі» АҚ, «Saturn avto»ЖШС, «Хасан»  техникалық қызмет көрсету орталығынан білікті мамандар тартылды.

Байқау талаптарына сәйкес қатысушылар өздері таңдаған мамандық туралы таныстыру рәсімін жасап, одан кейін арнайы пәндер бойынша теориялық сұрақтарға жауап берді. Байқаудың екінші бөлімінде студенттер слесарлық іс бойынша тапсырманы      орындап, автомобильдің бүріккішін арнайы құрылғыда тазалау, дөңгелекті шиноқұрастыру жабдығының көмегімен ауыстыру сияқты тапсырмаларды орындады. Байқаудың әр деңгейі өте тартымды және қызықты өтті.

Атап айтқанда теориялық сұрақтарға жауап беру кезінде кәсіптік-техникалық колледж студенті Чапала Данил үздік шықса,шина жөндеу бойынша құрылыс-техникалық колледжінің студенті Каминский Владислав өз шеберлігін көрсетті. Ал автомобиль бүріккіштерін арнайы жабдықта тазалауда Политехникалық колледждің студенті Заркешев Саят өзінің жан-жақты дайындалғанын паш етті.

Байқау қорытындысы бойынша Кәсіптік-техникалық колледждің студенті Чапала Данил бірінші орынды, Политехникалық колледж студенті Заркешов Саят екінші және Құрылыс-техникалық колледжінің студенті Каминский Владислав үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздарға Астана қаласы, Білім басқармасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді. Байқау жеңімпазы Чапала Данил Ақтөбе қаласында өтетін Республикалық байқауға қатысуға жолдама алды.


Комментариев нет
Просмотров: 309
Автор: prof-tech
Сайт: www.ptk.astana-bilim.kz
Добавлено: 14.05.2014 в 00:00