Меню KDT

Астана қаласы 13-14 мамырда Әлкей Марғұланның 110 жылдығына арналған іс-шаралар өтті.


Біз 8 "Ә" сынып оқушылары Әлкей Марғұлан атындағы орта мектептің ұйымдастыруымен өткен " Кемел ойдың кеменгері " атты зияткерлік турнирге қатыстық. Бірінші кезеңде эссе жазу сайысынан өтіп, 30 мектеп қатысқан шығармалар сайысында іріктеліп шыққан үлгілі мектептердің қатарында болдық. Турнирге қатыспас бұрын турнирдің талабы бойынша эссе жазу керек болатын. Эссені 30 мектеп жіберіпті. Соның 8-і ғана зияткерлік турнирге жолдама алды. Топ басшымыз Алиханның сөйлегені отырғандардың бәріне ұнады. Біздің мектеп турнирде ІІІ орын алды.Сонымен қатар республикалық ғылыми конференциядан өтті. Біздің сыныптан Резидденова Жулдыз  қатысты. "Қазақтан  шыққан тұңғыш ғалым " тақырыбында  Шоқанның өмірімен шығармашылығын зерделедң. Мазмұнды баяндама үшін білім басқармасының грамотасымен марапатталды. " Нұрын төккен көгімде " тақырыбында қалалық шығармалар байқауынан Аділбаева Аружан ІІІ орынды қанжығасына байлады. Академик Әлкей Марғұланның жүріп өткен жолымен, ұрпаққа қалдырған мол мұрасымен толық таныстық. Екі кундегі іс-шарадан өзімізге мол тәжірибе жинақтадық. Бізді дайындаған қазақ тілі мұғалімі Гүлнәр Тоқтарбекқызына алғысымызды білдіреміз.


Комментариев нет
Просмотров: 596
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 15.05.2014 в 09:18