
Сәт сапар, бастауыш сыныпты бітіріп отырған Жас түлек 2014!
Бүгін ерекше күн...Соңғы қоңырау, қимастық сәттер, қобалжу, ата – ана мен ұстаздар толықынысы...
Бүгін ерекше күн...Соңғы қоңырау, қимастық сәттер, қобалжу, ата – ана мен ұстаздар толықынысы...
![]() |
Бүгін бастауыш партасында соңғы күндерін өткізіп жатқан 4 сынып оқушылары үшін ерекше, сезімдер мен толықынысқа толы қызықты да қимастық сәттер өтті. Себебі, 4 «А» сынып оқушылары, жетекшісі Таубай Пернегүл Таубайқызы, 4 «Ә» сынып оқушылары, жетекшісі Кенішбаева Ханшайым Дәулетқызы, 4 «Б» , «Г» сынып оқушылары, жетекшісі Алшынбаева Рахима Бегманқызы, 4 «В» сынып оқушылары, жетекшісі Орынбасарова Ұлбала Садықбекқызы «Бастауышым – бал бұлағым»атты салтанатты ертеңгілігін өткізді.
![]() |
![]() |
![]() |
Балғын түлектер өздерінің бастауыш буындарына алғыстарын, пән мұғалімдеріне деген ризашылықтарын әнмен, өлеңмен, күймен, бимен де жеткізе білді. Балғын түлектерді құттықтауға келген ұстаздар, ата – аналар шексіз ризашылықтарын білдіріп, оқушыларға сәт сапар тіледі.
Оқушылар мереке соңын:
-
Бастауыштағы қызықты күндерді мәңгі естен шығармауға.
- Әліппе ұстатқан алғашқы ұстаздың еңбегін ақтауға.
- Орта буында оқитын басқа пәндерден қорықпауға.
- АНТ БЕРЕМІЗдеп, ақ жүректен шыққан сөздерімен аяқтады.