Меню KDT

Құттықтаймыз!

   Астана қаласы №52 мектеп-гимназиясының 2 «Ә» сыныбында дарынды,талантты оқушылармен ауқымды жұмыстар жүргізіліп отырады. Мақсаты: оқушылардың дарындылық,шығармашылық қабілетін дамыту. 


   Астана қаласы №52 мектеп-гимназиясының 2 «Ә» сыныбында дарынды,талантты оқушылармен ауқымды жұмыстар жүргізіліп отырады. Мақсаты: оқушылардың дарындылық,шығармашылық қабілетін дамыту.

  Осы жұмыс аясындағы жұмыстың бір дәлелі ретінде – Абилхасова Елназдың жобасы жарыққа шықты. Мектеп қабырғасында мектепішілік жас жеткіншектер арасында ғылыми жобалар сайысы өтті. Бұл жобалар сайысында  1-4 сынып аралығындағы оқушылар өз жобаларын дайындап қорғады. Солардың бірі болып, жас та болса болашағы жарқын  –  2«Ә» сынып оқушысы – Абилхасова Елназ «Арқалық бокситінің қоршаған ортаға зияны» атты күрделі ғылыми жобасын ұсынды. Бұл жоба Елназдың туған қаласы - Арқалықтың бағалы бокситі жөнінде жазылған.


 Елназдың бұл жобасы мектепішілік жобалардан алға суырыла озып, қалалық ғылыми жобалар сайысына жолдама алды. Енді Елназ өз жобасын алдағы оқу жылында,яғни қыркүйек айында Астаналықтарға таныстырмақ.Талантты қыздың жобасы енді қалалық жобалардан үздік шығуын тілейміз. «Сәттілік жаныңа серік болсын!»-деп 2 «Ә» сынып оқушылары Елназға сәттілік тіледі. Алға қарай өрлей бер, Елназ!

Жоба жетекшісі: Калмурзина Г.К.


Комментариев нет
Просмотров: 739
Автор: 52mektep
Сайт: www.52.astana-bilim.kz
Добавлено: 20.05.2014 в 18:29