«Талаптың мініп тұлпарын...»

2014 жылдың 5 мамырда Астана қаласының № 8 орта мектебінде Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Алдаспан» қоғамдық қорымен және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» бірлесіп Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған «Батырлардан өнеге» атты 5-10 сынып оқушылары арасында батырлар жырларын мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақтың бойына батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін, рухани-парасаттылық, патриоттық құндылықтарын қалыптастыру, мемлекеттік тіліміз бен төл тарихымызды құрметтеуге баулу, оқушылардың көркем сөйлеу шеберлігін арттыруға ықпал ету және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Байқаудың нәтижесінде мектебіміздің жас ақыны 5 «М» сынып оқушысы Төлепберген Диас II орынға ие болды. Диасты жеңісімен құттықтаймыз! Өлеңдерің жанды болсын деген тілек тілейміз!
Автор: 4mektep
Добавлено: 10.05.2014 в 12:00