«Жас Отан»

2014 жылдың 12 мамырда Астана қаласының Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде «Жас Отан» Жастар Қанаты мен Астана қаласының білім басқармасы ұйымдастыруымен өткен академик Әлкей Марғұланның 110 жылдық мерейтойына арналған «Мақтанышы елімнің» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Байқауға 30-дан аса үміткер қатысып, әрқайсысы өздері шығарған екі өлең оқыды.

2014 жылдың 12 мамырда Астана қаласының Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде «Жас Отан» Жастар Қанаты мен Астана қаласының білім басқармасы ұйымдастыруымен өткен академик Әлкей Марғұланның 110 жылдық мерейтойына арналған «Мақтанышы елімнің» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Байқауға 30-дан аса үміткер қатысып, әрқайсысы өздері шығарған екі өлең оқыды. Жас ақындарға бұл күнде поэзиясы жұртшылыққа танылып қалған белгілі ақындар қазылық етті. Еңселі елорданы жырға қосқан қатысушыларға жас ерекшеліктеріне қарай жүлделі орындар беріліп, дипломдар табысталды.
Нәтижесінде мектебіміздің жас ақыны 5 «М» сынып оқушысы Төлепберген Диас Бас жүлдені қанжығасына байлады. Диасқа келешекте сәттілік тілей отырып, жыр көмбесін шаңдата берсін деп тілек айтамыз! Жеңісімен құттықтаймыз!
Автор: 4mektep
Добавлено: 14.05.2014 в 12:00