Меню KDT

17.05.14 күні мектебімізде 4-сыныптардың ұйымдастыруымен «Қош, бастауыш!» атты жиын өтті.


Биыл 146 оқушы бастауыш сыныппен қоштасып, орта буынға аяқ басқалы отыр. Жиында мектеп директоры Умарова Алма Қайырбулатқызы сөз сөйлеп, оқушыларды құттықтап, оларға ақ жол тіледі. Оқушылар бар өнерлерін көрсетіп, жиналған қонақтарды бір бақытқа кенелтті. Мектепке, ұстаздарға арналған жыр шумақтарын айтып, ән  салып, би де биледі. 4 «Г» сыныбының атынан Ажар Бегайдарқызы шығып, ұстаздарға деген рахметін, ақ тілек, ақ ниетін білдірді.

Шәкірттерге:

Алдарыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа моймай,

Аман-есен болыңдар, - дейміз.





Комментариев нет
Просмотров: 519
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 19.05.2014 в 00:00