
«Қош бол, бастауыш мектеп!» атты салтанатты ертеңгілік
Бүгін № 71 мектеп-лицейінің 4 –ші сыныптарында «Қош бол, бастауыш мектеп!» атты салтанатты ертеңгілігіміз өтті. Жиынға қуанышымызды бөлісуге ата-аналар, ұстаздар, оқушылар келіп, мерекемізді көріп тамашалады.
Күні кеше ғана кішкентай балапандарымыз бірінші сыныбына келген сияқты еді, оқушыларымыз төрт жыл өтіп кеткенін бүгін сезініп бірі қуанып, бірі ойлану көңілде тұр. Бүгін № 71 мектеп-лицейінің 4 –ші сыныптарында «Қош бол, бастауыш мектеп!» атты салтанатты ертеңгілігіміз өтті. Жиынға қуанышымызды бөлісуге ата-аналар, ұстаздар, оқушылар келіп, мерекемізді көріп тамашалады.
Мерекеде оқушылар вальс биін билеп, ұстаздары мен ата-аналары жайлы, алтын ұя судай жаңа мектебі мен сыныбы жайлы өлеңдерін арнап айтты. Ата-аналар мен мектеп ұстаздары оқушыларына көп деген тілектерін айтып, үлкен кісілер баталарын берді. Мерекеміз көңілді, жинақы, жоғары деңгейде өтті.