
«Жас Ұлан» «Жас Қыран»
Мектебімізде 1-4 сынып оқушыларын «Жас Қыран» ұйымына, 5-8 сынып оқушыларын "Жас Ұлан" ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жас ұрпақтың тәрбиесіне үлкен назар аудару керектігіне және республика көлемінде жүйелі жұмыс жасайтын, сондай-ақ, мектеп жасындағы жас азаматтармен сабақтастық байланыс орнату, жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында «Жас Ұлан» бірегей қозғалысы мен «Жас Қыран» балалар ұйымын құру керектігіне жете тоқталған болатын.
Соның айқын бір көрінісі – «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы. Болашақта республика мектептерінің 12 жылдық оқу жүйесіне көшу бастамасын ескере отырып, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарының жұмыс бағдарын соған сәйкес келтіруді талап етеді.
«Жас Қыран» 1-4 сынып оқушыларын, ал «Жас Ұлан» ұйымы 5-10 сынып аралығын қамтиды. Сонымен қатар, бұл ұйымдардың мүшелері спорт, білім, шығармашылық салаларында өнерлерін шыңдап, сол үшін көп ұлтты елімізбен төл қазақ халқының нышандарын біріктірген сары және көк түсті төсбелгілер мен галстуктарын таққан жаңа өркеннің өкілдері.
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына кіруші оқушылар ант берді.
Мектеп директоры Ұландарды құттықтап, төс белгілерін тақты.