Меню KDT

Республикалық Мағжан оқуларының жеңімпазы

6 "Ә" сынып оқушысы Сапиева Айғанымды Республикалық Мағжан оқуларының жеңімпазы болуымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында 2014 жылдың 13-14 мамырында Қазақстанның барлық қалаларынан сонымен қатар Ресей Федерациясының Омбы қаласынан да оқушылардың қатысуымен ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың 121жылдығына арналған «Мағжан көктемі» атты республикалық оқулары болып өтті. Бұл- биылдыққа екінші мәрте өткізіліп тұрған республикалық деңгейдегі оқулардың бірі.Астана қаласының намысын қорғауға барған біздің мектебіміздің 6 «Ә» сынып оқушысы Сапиева Айғаным «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім»номинациясы бойынша III дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Жетекшісі Жұмашева Р.А.

Құттықтаймыз! Талабыңа нұр жаусын,Айғаным!

Жүлдемен оралған жеңімпаздарға шығармашылық табыс,таусылмас талап,талмас қанат тілейміз.



Комментариев нет
Просмотров: 489
Автор: 68mektep
Сайт: 68.astana-bilim.kz
Добавлено: 13.05.2014 в 14:00