Меню KDT

Астана – жарқын болашақ мекені!

Астана – жарқын болашақ мекені!

          21 мамыр күні Астана қаласының Білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының көрме-фестивалін өткізді. Қала мектептерінің түлектері мен ата-аналарына арналған бұл іс-шарада «Әнім саған арналады, Астанам!» атты мерекелік концерт, колледж мамандықтарының көрмесі және шебер-класстар өткізілді.


 Астана – жарқын болашақ мекені!

 

          21 мамыр күні Астана қаласының Білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының көрме-фестивалін өткізді. Қала мектептерінің түлектері мен ата-аналарына арналған бұл іс-шарада «Әнім саған арналады, Астанам!» атты мерекелік концерт, колледж мамандықтарының көрмесі және шебер-класстар өткізілді. Көрме-фестиваль мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру, жұмысшы және техникалық мамандықтардың мәртебесін көтеруге бағытталды. Дизайн, алғашқы медиицналық көмек көрсету, робототехника, дәнекерлеу ісі бойынша көрсетілген шебер-класстар мектеп оқушыларының үлкен қызығушылығын тудырды. Көрме аясында ең үздік 15 серіктестер Білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Жалпы іс-шараға 3 мыңға жуық адам қатысты.

 


Комментариев нет
Просмотров: 451
Автор: uoanar
Сайт: www.bilim-astana.agartu.kz
Добавлено: 22.05.2014 в 16:22